Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лавров: АҚШ-тың Қазақстандағы КСРО-ның бұрынғы биозертханаларына қызығушылығы бізді алаңдатады

Пентагонның посткеңестік республикалар аумағындағы, атап айтқанда Қазақстандағы бұрынғы кеңестік биозертханаларға деген қызығушылығы нақтылауды талап етеді, деп мәлімдеді сәрсенбіде Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров МГИМО-да сөйлеген сөзінде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз қазір қазақстандық достарымызбен биология саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға дайындықты аяқтаймыз... Пентагонның бұл мәселелерге, бұрынғы кеңестік зертханаларға жаңа объектілерді құру үшін, оларды жаңарту үшін қызығушылық танытуы өте қызықты және нақтылауды қажет етеді. Біз Қазақстанмен осы мәселелерді міндетті түрде шешеміз деп үміттенемін", - деді ол.

Министр Ресейді АҚШ-тың бұрынғы КСРО кеңістігіндегі әскери-биологиялық қызметі қатты алаңдататынын айтты. Дегенмен американдық биозертханалар бүкіл әлемде орналасқан. Лавров Қазақстанмен бірлескен меморандум секілді мұндай рәсім Өзбекстанмен, Тәжікстанмен жүргізіліп, Армениямен аяқталғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол ҰҚШҰ-да осындай үдерістің жүргізілетініне сенім білдірді.

"Осы салада ынтымақтастық қажет. ҰҚШҰ аясында барлығы транспарентті болды. Тәжік әріптестерімізбен, өзбек әріптестерімізбен, армяндықтармен жасаған ісіміздей, мұның да соңына дейін жеткіземіз деп үміттенемін", - деді ол.

Ресей Қорғаныс министрлігі бұған дейін АҚШ американдық әскери биологиялық бағдарламаға қатысқан және әсіресе оба мен күйдіргі қоздырғыштарымен айналысатын Украинадағы биологиялық зертханаларды қаржыландыруға 200 миллион доллардан астам қаражат жұмсағаны туралы презентация ұсынған болатын. Украина аумағында Пентагонның мүддесі үшін жұмыс істейтін 30-дан астам биологиялық зертханалардың желісі құрылды, деп хабарлады Ресей Федерациясының әскери бөлімі.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Алматыдағы АҚШ-тың қолдауымен салынған орталық референттік зертханада тек қазақстандық ғалымдар жұмыс істейді, деп хабарлады журналистерге берген сұхбатында.

"Бұл зертхана толығымен Қазақстан Үкіметіне берілді. Қазір Қазақстан өзінің зерттеу және ғылыми әзірлемелерін осы зертханада жүзеге асыруда. Американдық ғалымдар немесе басқа елдерден келген ғалымдар ол жерде ешқандай зерттеу жүргізбейді", — деді ол.

СІМ басшысы осы зертхананың арқасында коронавирусқа қарсы қазақстандық Qazvaq вакцинаcs жасалғанын еске салды.

Талқылау