AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Отбасы банкіндегі" салымдар бойынша мемлекеттік сыйақылар енді түспейтіні рас па?

Ұлттық экономика министрлігі "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" 2000 жылғы 7 желтоқсандағы ҚР Заңына өзгерістер енгізуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтқанда, түзетулер тұрғын үй салымдары бойынша мемлекеттің сыйлықақылары туралы ұйғарым мен кез келген ескертуді заңнан алып тастауы керек болған. Алайда Ұлттық экономика министрлігі бұл ойларынан айнып қалғандарын жеткізді. 

Ұсынылып отырған өзгерістерге негіздемеде жинақтарды үш жылдан кем емес кезеңде алдын ала жинақтау шартымен берілетін Отбасы банкінің қарыздары бойынша бүгінгі күні қолданыстағы сыйақы мөлшерлемелері жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейін құрайтыны атап өтілген. Қазір халықтың салымдары меншік нысанына қарамастан мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылады (салым сомасының 20%-ы, көтермеленетін салымның ең жоғары сомасы 200 АЕК-ке дейін).

18 ақпандағы жағдай бойынша салымшылардың саны шамамен 2,25 миллион адамды құрайды. Салымшылардың жыл сайынғы өсімі шамамен 20%-ды құрайды. 

"2021 жылдың қорытындысы бойынша 61,6 млрд.теңгеден (1,7 млн. салымшы) астам мөлшерде мемлекеттік сыйлықақы төленді. Жинақ салымшыларының жыл сайынғы өсуін және бөлінетін бюджет қаражатының көлемін, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, Отбасы банкінің салымшылары үшін мемлекеттік сыйлықақының есептелуін алып тастау орынды деп санаймыз", – делінген түзетулерге негіздемеде.

Сондай-ақ заң жобасы жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алатын азаматтардың жекелеген санаттары үшін жалдау төлемдерін субсидиялау тетігін енгізуді көздейді. 

Заң жобасы 15 наурызға дейін талқылауға шығарылған болатын. Ұлттық экономика министрлігі жағдайға түсінік берді. 

“1 наурызда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Отбасы Банк" АҚ-ға салымдар бойынша Мемлекеттік сыйақыларды есептеуді алып тастау бойынша түзету енгізу ұсынысын Ұлттық экономика министрлігі қарады. 2 наурызда мүдделі мемлекеттік органдармен талқылау қорытындысы бойынша аталған түзету заң жобасынан алынып тасталды”, – делінген хабарламада. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр