AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

75 миллион теңге қарыз алып, ұтылып қалған: Түркістан облысында жоғалып кеткен жігіт табылды

Түркістан полицейлері 75 миллион теңге қарыз болып, жоғалып кеткен жігітті тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. порталына сілтеме жасап. 

Төлеби аудандық полиция бөліміне Леңгір қаласының тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, 30 жастағы ұлы үйінен шығып, қайта оралмаған. Төрт тәулік уақыт өткен.

Алайда іздеу жұмыстарынан нәтиже шықпаған соң, полицейлерге хабарласқан. Полицейлер оқиға орнына барған. Олар қала көшелерін тексеріп, ер адамның суретін көрсетіп, тұрғындардан сұрастырған.

Іздеу жұмыстарына Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция қызметкерлері, жедел уәкілдер мен патрульдік полицейлер жұмылдырылған.

Бір аптадан соң Түркістан полицейлері жоғалған тұрғынды Алматы қаласынан тапты. Ол таныстарынан 75 миллион теңге қарызға алып, бар қаражатты құмар ойынға жұмсап жіберген.

Өз сөзінде қарызға алған ақшаны қайтара алмағандықтан, Алматы қаласына қашып кетуге мәжбүр болғанын жеткізді.

Қазіргі уақытта тұрғын үйіне жеткізілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр