Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев үкіметтің құрамын бекітті: Жаңа қосылған министрлер кімдер?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Үкіметтің толық құрамын бекітті. Әлихан Смайылов басқаратын Үкімет құрамына 18 министр тағайындалды. Оның қатарына қосылған жаңа министрлер саны – жетеу. Олай болса Stan.kz жаңа қосылған министрлер туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынады. 

Асқар Қуанышұлы Омаров – Ақпарат және қоғамдық даму министрі

Асқар Омаров лауазымға дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарған. 

Асқар Омаров 1976 жылы Алматыда туған. Тұран университетін бітірген.

  • 1997-1998 жылдары — "Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың" әлеуметтік-экономикалық мәселелер секторының жетекші маманы.
  • 1998-1999 жылдары — "Қазақстанның шағын бизнесі" журналында маркетинг жөніндегі маман.
  • 2001-2005 жылдары — "Новости недели" РГ" ЖШС тілшісі.
  • 2005-2006 жылдары — "Қазақстан" РТРК" АҚ – "Астана" ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының шеф-редакторы.
  • Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.
  • 2008-2010 жылдары — "Нұр-Медиа" ЖШС директоры, бас директорының орынбасары.
  • 2011-2013 жылдары — "Түркі академиясы" КЕАҚ вице-президенті.
  • 2014 жылы — "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарушы директоры.
  • 2016-2017 жылдары — қоғамдық қордың президенті.
  • 2017-2020 жылдары — "ҚазАқпарат" ХАА ЖШС бас директоры. 2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін — "ҚазАқпарат" ХАА АҚ басқарма төрағасы.

Қанат Сергейұлы Мусин –Әділет министрі

Бұған дейін Қанат Мусин Жоғарғы сот судьясы болып қызмет атқарған. 

1966 жылғы 27 ақпанда Целиноград (Астана) қаласында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер. Аға әдiлет кеңесшiсi, қаржы полициясының полковнигі.

  • 1984-1986 жылдары Целиноград қаласының Ленин аудандық халық сотының сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, архивариусы.
  • 1986-1989 жылдары "Целиноградоблгазтоп" өндірістік бірлестігінің аға юрисконсульты.
  • 1989-1998 жылдары Целиноград қаласының, Ақмола облысының прокуратура органдарында қызмет еткен, Астана қаласы прокурорының орынбасары.
  • 1998-2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары.
  • 2001-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Батыс Қазақстан облысы Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары.
  • 2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңес аппаратында жұмыс істеген: бас сарапшы, бас инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.
  • 2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары.
  • 2012-2016 жылдары Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы.
  • 2016 жылдың наурызынан бастап алтыншы сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  • 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жетінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты-Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.
  • "Ерен еңбегі үшін", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл", "Астананың 10 жылдығы" медальдарымен, құқық қорғау органдарының ведомстволық наградаларымен марапатталған.
  • Үйленген, үш баласы бар.

Ажар Ғиният –Денсаулық сақтау министрі

Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болған. 

Ажар Ғиният 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

  • 1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын "дәрігер-педиатр" мамандығы бойынша, 2007 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері" мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін "МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған.
  • Еңбек жолын 1993 жылы Атырау қаласының №2 қалалық емханасында учаскелік педиатр болып бастаған.
  • 1994 жылдан 1999 жылға дейін — Ақтау қаласының №1 медициналық санитарлық бөлімінің меңгерушісі, дəрігер-инфекционисті.
  • 1999-2001 жылдары — Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.
  • 2001-2005 жылдары — Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
  • 2005-2006 жылдары — Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры.
  • 2008-2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы, департамент директоры.
  • 2017 жылғы қыркүйектен 2020 жылғы маусымға дейін ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 

Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев –Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

Қайырбек Өскенбаев бұған дейін ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі қызметін атқарған. Ол 1964 жылы Астана қаласында дүниеге келген.

  • 1986 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1996 жылы — Ақмола аграрлық университетін және 2004 жылы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. Заңгер, ұйымдастырушы-экономист және халықаралық қатынастар саласындағы маман ретінде білікті.
  • Еңбек жолын 1982 жылы бастаған. 1982 – 1993 жылдары ішкі істер органдарында қызмет еткен, Ақмола қалалық әкімшілігінің коммуналдық меншік бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған.
  • 1993 – 1996 жылдары бас кеңесші заңгер, заңды қамсыздандыру және бақылау бөлімінің басшысы, ҚР мемлекеттік мүлік бойынша Ақмола аумақтық комитетінің жекешелендіру жөніндегі бюро директоры ретінде жұмыс істеген.
  • 1996 – 2006 жылдар аралығында ҚР жекешелендіру бойынша Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік комитетінің басқарма төрағасының орынбасары, Мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Ақмола аумақтық комитетінің төрағасы, Ақмола қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру бойынша аумақтық комитет төрағасы, "Астана қаласының коммуналдық меншік қоры" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.
  • 2006 – 2011 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы жөніндегі комитетінің төрағасы және Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі ретінде жұмыс істеген.
  • 2011 – 2016 жылдары "20015 әскери бөлімшесі" РММ материалдық-техникалық қамсыздандырудың басты басқармасының басшысы, "ҚазМұнайГаз – Сервис" ЖШС бас директорының орынбасары, ҚР аймақтық даму бірінші вице-министрі және ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметтерін атқарған.
  • 2016 жылдан 2019 жылға дейін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарушы директоры лауазымын атқарды.

"Құрмет" және "Парасат" ордендерімен марапатталған.

 

Дәурен Әскербекұлы Абаев –Мәдениет және спорт министрі

2020 жылдың 4 мамырынан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып қызмет атқарған. 

  • 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2006 жылы Лейден университетін тәмамдады.
  • 2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.
  • 2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.
  • 2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.
  • 2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.
  • 2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында — Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары.
  • 2009 жылдың қазанынан — Қазақстан президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
  • 2011-2016 жылғы 6 мамырға дейін Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі қызметін атқарды.
  • 2016 жылдың мамыры мен 2019 жылдың ақпан аралығында – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі.
  • 2019 жылдың ақпаны мен 2020 жылдың мамыры аралығында – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі.

"Парасат" және "Кұрмет" ордендерімен, сонымен қатар мерекелік медальдармен наградталған.

Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Ұлттық экономика министрі 

Ол 2021 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған. 

Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған.

  • Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген.
  • Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады.
  • 2005-2010 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
  • 2010-2013 жж. — ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.
  • 2013 ж. — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2013-2019 жж. — ҚР Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.
  • 2019 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін — ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

Болат Оралұлы Ақшолақов – Энергетика министрі

2021 жылғы сәуірден Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорында активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарды. 

Айта кетейік, Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы экономист.

  • 1993 жылдан – "Аlem Bank Kazakhstan" филиалдар қызметін бақылау департаментінің экономисі, бас экономисі.
  • 1995 жылдан – Орталық Азия ынтымақтасу және даму банкінің бағалы қағаздар бөлімінің, дилинг операциялары бөлімінің бастығы, активтерді басқару департаментінің директоры.
  • 1997 жылдан – "Қазақойл ҰМК" ЖАҚ ТШО департаментінің аға сарапшысы, менеджері, бас менеджері, директорының орынбасары
  • 2001 жылдан – Commonwealth and British Services Ltd. компаниясының бизнес-тапдампазы, стратегиялық жоспарлау менеджері, қаржы директоры.
  • 2003 жылдан – "Қазмұнайгаз" ҰК АҚ БК үлес басқару жөніндегі атқарушы директоры.
  • 2006 жылдан – энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі.
  • 2008 жылдан –  "Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ электрэнергетикалық және мұнай-газ активтерін басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директоры.
  • 2010-2011 PSA ЖШС бас директоры басқарма төрағасы.
  • 2011 "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы АҚ президенті.
  • 2012-2014 Қазақстан Республикасының мұнай және газ вице-министрі. 2014-2016 "Almex Petrochemical" ЖШС бас директоры.
  • 2016-2017 "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры.
  • 2017-2019 Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі.
  • 2019 жылдан 2021 жылғы сәуірге дейін "KAZENERGY" қауымдастығының бас директоры қызметін атқарды. 
Талқылау