Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысырға бағыт алған ұшақ борттағы жанжалдың кесірінен жедел түрде Ақтауға қонды

Мысырға ұшып бара жатқан лайнердің жолаушыларының бірі дау-дамай шығарып, ұшақ Ақтауға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құқық бұзушы агрессивті болып, бортсеріктің ескертулерін елемеген. 

Оқиға Нұр-Сұлтан – Шарм-эль-Шейх бағытындағы рейсте орын алған. Ұшақ жедел түрде Ақтау әуежайында отырғызылды.

Оған борттағы жолаушылардың бірінің әрекеті себеп болған. Алкогольді асыра пайдаланған 59 жастағы елорда тұрғыны ұшақта тәртіп ережелерін бұзған.

Құқық бұзушы өзін агрессивті ұстады, стюардессалардың ескертулеріне жауап бермеді.

Көліктегі полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин болжан жайтты түсіндірді. 

Оның айтуынша, Ақтауда жоғарыда аталған әуе кемесі командирінің актісі бойынша азамат желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне берілді.

“Көлік полицейлері әйелге қатысты баптың 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасады. 440-бап "Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу" және баптың 1-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексі "Әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзу" баптары бойынша іс жүргізіледі”, – деп мәлімдеді көліктегі полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі биылғы жылдың басынан бері көлік полицейлерімен түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 40 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, оның ішінде 3784 адам алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда масаң күйде болғанын айтты.

Талқылау