AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сахнада жүргім келеді": Әлеуметтік желіде танымал болған "бұлбұл" келін туралы не білеміз?

Қостанайлық тойда ән айтқан ерекше дауыс иесі Гүлбақыт Жаңбырбаева әлеуметтік желіде танымал болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның ән айтқан видеосы Instagram әлеуметтік желісінде танымал болды. Желі қолданушылары әншінің ерекше даусына тамсанып, оны Бибігүл Төлегеноваға ұқсатқан. 

28 жастағы Гүлбақыт Жаңбырбаева ата-енесінің қолында тұрады. Ауылдың қарапайым келіні. Ол әлеуметтік желі арқылы бір күнде танымал болып шыға келгенін кездейсоқтыққа балап отыр.

“Басында мұндай болады деп ойлаған жоқпын. Әдемі киініп алып, бұрыннан бері ән айтатынмын. Ал ол жерде келіндік міндетімді атқарып жүрген жерімнен шақырып алып, ән шырқауымды өтінді. Мен бас тарта алмадым. Мені қолдап, жақсы сөздер жазып жатқан барлық адамға алғысымды айтқым келеді”, – дейді бұлбұл келін. 

Сондай-ақ Гүлбақыт осы видеоның арқасында Instagram желісінде жазылушылар саны екі есе артқанын айтады. 

"Арқалықтағы педагогикалық институттың музыка факультетін бітіргенмін. Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин ауданында жетекші болып жұмыс істедім. Түрлі фестиваль, конкурсқа қатыстым. Республикалық байқауларда жүлделі орындар алып жүрдім. Ән айту – менің бала күнгі арманым. Әлі үлкен сахнаға шыққым келеді. Бірақ бәрі халықтың қолдауымен болады ғой. Бүгінде сахнаға шығып жүрген жоқпын. Декреттік демалыста бала тәрбиесімен отырмын. Екінші баламды күтіп жүрмін. Ата-анам, отбасым мені қолдайтындарын айтып отыр", – дейді Гүлбақыт. 

Ол туыстардың тойларында ара-тұра ән айтқаным болмаса, өнерді мүлдем ұмыттым дейді. Гүлбақыт болашақта өнерін дамытқысы, үлкен сахнаға шыққысы келетінін жеткізді. Алайда сол арманы ауылда қалып қоя ма деп қорқады. 

“Ән жаздыру үшін ақша керек. Ауылда тұрған бізде ондай мүмкіндік қайдан болсын. Демеуші болса, отбасыммен қалаға алып кетсе деп армандаймын. Сахнада жүргім келеді, ән салғым келеді”, – дейді әнші.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр