AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұрып-соққан: Ақтөбеде тамызда жоғалған әйел өлі күйінде табылды

Ақтөбеде тұрғын үйден зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдің жоғалып кеткені туралы қыркүйектің басында белгілі болды.

Сол уақытта полицияға жоғалып кеткен әйелдің күйеу баласы арызданған. Ол Қарғалы ауылында тұратын қайын енесінің тамыздың соңында үйінен шығып, сол күйі оралмағанын айтқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында әйелдің спирттік ішімдік тұтынып, үйден жиі кететіні анықталды. Оның баруы мүмкін жерлер тексерілді.

Жедел уәкілдер тұрғый үйдегі пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар мәйітті тапты.

"Полиция қызметкерлері пәтерлерді аралау барысында күдіктінің жалғыз тұратынын және тұрғындармен араласпайтыны анықтады. Көршілері оның жеке өмірі туралы ештеңе білмейді. Сондай-ақ күдіктінің бір ай бойы жұмысқа шықпағаны анықталды", – деді Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығы Ағытай Арыстанов.

Күдікті ұсталды, ол кінәсін мойындады. Оның айтуынша, мас күйінде әйелді ұрып-соғып, осы уақытқа дейін үйіне қайтпай, ішімдік ішіп жүрген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр