Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында ер адам 5 жыл бойы әйелін торуылдап, ақыры бауыздап өлтірген

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 33 жастағы Дарина Ахмадиеваның ауыр өлімі туралы іс қаралуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “ТоболИнфоға” сілтеме жасап. 

Осы жылдың 16 маусымында әйелді жұмыстан бұрынғы күйеуі Азамат Молдрахметов қарсы алады. Екеуінің арасында ұрыс туындап, ер адам оның өмірлік маңызды органдарына бірнеше пышақ жарақатын салады.

Әйелдің мойнына сұғылған пышақ, артериясына зақым келтіреді. Жедел-жәрдем келісімен дәрігерлер зардап шегушінің өмірін құтқара алмады. 

Даринаға пышақ салғаннан кейін, 37 жастағы ер адам өзінің іш қуысын да пышақ жарақатын салады. Оны екінші жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жатқызып, қалалық аурухананың хирургтары ота жасады. 

Қылмыс Баймағамбетов көшесінде жасалған. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру"бойынша іс қозғалды.

Ал Дарина Ахмадиеваның артында 11 жасар ұлы қалды. 

Жәбірленуші деп танылған марқұмның әпкесі Әсел Шамғанов сотта жауап алу кезінде Дарина Азаматпен 2016 жылы ажырасқанын айтты. Осы бес жылдың ішінде ер адам Ахмадиеваның ізінен қалмаған. 

"Олардың отбасында табыс көзі болған жоқ, осыған байланысты қарым-қатынастары дұрыс болмады. Ақыры аяғында ажырасып кетті. Азаматқа ұлымен сөйлесуге ешкім тыйым салған жоқ. Ол баланы демалыс күндері алып кетуге келіп жүретін. Бірақ бұны Даринаның орналасқан жерін және оның кімдермен қарым-қатынаста жүргенін білу үшін сылтау ретінде пайдаланды. Осыған байланысты әпкем бірнеше рет жұмысын ауыстырды. Өйткені Азамат оған үнемі келіп, жолына кедергі болып жүретін. Ол Даринамен қарым-қатынаста болмағанына қарамастан, ешқандай себепсіз қызғанатын”, – дейді ол. 

Оқиға болған күні Дарина Ахмадиева жиеніне Азамат келгенін, олар ұрысып қалғанын және қазір оны жұмысының алдында күтіп тұрғанын айтқан. 

Жәбірленуші атап өткендей, туыстары біраз уақыттан кейін Азамат Молдрахметовтың бұрынғы жұбайына қол көтеріп, қорқытқанын білген. Сондай-ақ ер адам Дарина Ахмадиеваның бүкіл отбасына қайта қосылуға көмектесуін сұрап өтініш білдірген, тіпті қорқытқан кездері де болған. Күдікті әйелдің әпкесіне қайта қосылуға көмектеспесе, өлтіретінін айтқан. 



"Дарина Азаматтың үстінен полицияға арыз жазған. Бірақ одан пайда болмады. Үш-төрт жыл бұрын ол Даринаға оны өлтіретінін жаза бастады. Менде мұндай хабарламаларды алған уақытта осылай болады деп мүлде ойламағанмын. Біз бұған мән бермегенбіз. Өйткені Азамат оны ішкен кезінде жазатын", – деді Әсел Шамғанова.

Белгілі болғандай, сотталушы алкогольді жиі тұтынған. Бұрынғы әйелінің жұмысына, ата-анасының үйіне мас болып келіп жүрген. Тіпті мұндай кейіппен өз ұлының алдына шығуға да ұялмаған. Бұл ретте жәбірленуші Азаматқа ұлымен кездесуге ешкім кедергі келтірмегенін атап өтті. Кейінірек баланың өзі әкесімен уақыт өткізуден бас тарта бастаған.

Сотталушы бұл айтқандарға қарсылық білдіріп, ешқашан ұлының алдына мас кейіпте келмегенін айтты. Уақыт өте келе баласын көрсетуге тыйым салғандарын жеткізді. 

"Ұлым 8 жаста болғанда, мен оны екі ай бойы көре алмадым. Оның қалай ер жететінін өз көзіммен көргім келген", – деді Азамат Молдрахметов сотта. 

Әсел Шамғанованың жағынжа жәбірленуші ретінде оның ағасы және Даринаның ағасы Манат Ахмадиев болды. Ол баланың үйдегі жағдайды көрген соң әкесімен ұзақ уақыт бойы сөйлескісі келмегенін растады. 

"Ол маған мұны мас әкесіне барғаннан кейін айтты. Азаматтың ұлына мас болып келгенін өзім көрдім. Негізі, оның әкесі жоқ еді. Атасын әкесіндей көретін”, – деді Манат Ахмадиев. 

Дарина ағасына күйеуімен қарым-қатынасы жайлы ештеңе айтпаған. Өйткені Манат физикалық күш қолданады деп қорыққан. 

Сотталушы кісі өлтіргені үшін кінәсін толық мойындады, бірақ ол әйелін ұрмағанын мәлімдеді. 

"Мен кінәлімін, кешіріңіздер..." – деді Азамат Молдрахметов.

Сот ісі әлі жалғасуда.

Талқылау