AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйде жоқ кезде сүйіп, қолын жүгірткен": Алматылық әйел 8 жыл бірге тұрған күйеуін қызына тиісті деп айыптады

Алматылық келіншек күйеуінің 14 жастағы қызына соңғы алты ай бойы тиісіп келгенін мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, тергеушілер ұзақ уақыт бойы қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматылық әйел 8 жыл бойы бірге тұрған жолдасы 14 жастағы өгей қызына соңғы алты ай бойы тиісіп келгенін айтады. Азамат үйде ешкім жоқ кезде қызының ернінен сүйіп, қол жүгірткен. Балаларын сеніп тапсырған адамның мұндай қылығын естіген ана бірден полицияға арызданған. Бірақ айыпталушы әлі бостандықта жүр екен. 

Қызын арнайы тексеруден де өткізген. Зерттеу нәтижесінде, қыз бен ер адамның арасында жыныстық қатынастың болмағаны анықталыпты.

Алматы тұрғынының айтуынша, ол 6 тамыз күні жолдасының үстінен полицияға арыз берген. Алайда қылмыстық іс тек 21 тамызда басталыпты. Қазір әйел ажырасу процесін ұйымдастыруда. Бірақ әлі ерлі-зайыпты болып ресми тіркеуде тұрған көрінеді.

"Заңды некеде үш жыл тұрдық. Оған дейін шамамен 4-5 жыл қарым-қатынаста болғанбыз. 8 жыл бойы үйге келіп, балаларыммен араласып, сөйлесіп жүрді. Ол кезде қызым 7 жаста еді. Біз бірге тұра бастағаннан бері, тіпті оған дейін де өзін жақсы адам етіп көрсетіп жүрген. Сүйікті күйеу мен мейірімді әке болуға уәде берді. Оған сендім. Оның үстіне оны 18 жасымнан бастап танитынмын", – дейді Алматы тұрғыны.

Әйел күйеуінің қызына бұндай қылық көрсеткенін бірден білмеген.

"Өткен жылы 22 жасар ұлым әскерге аттанды. Бәрі осы уақыттан басталыпты. Өткен бір жыл бойы қызыма тиісіп келген. Оларды жалғыз қалдырмауға тырысатынмын, бірақ кейде жұмыстан кешігіп келетін кездерім болды. Бірінші рет 2020 жылдың жазында тиіскен. Қызымның айтуынша, бұндай жағдай 10 реттен аса болған. Тіпті күндіз де, таңертең де, мен ерте жұмысқа кеткенде арам ойын іске асырған. Ол маған ештеңе айтқан жоқ. Қызымды қорлаған күні, кешке мені оған қарсы қойып жүрген. Үйді тазаламағанын, бірдеңе жасамағанын айтып шағымданып отыратын. Тиісінше мен қызыма жұмыста екенімді айтып, мораль оқитынмын. Сөйтіп жүріп, оның маған бірдеме айтуға шамасы болмаған", – дейді әйел.

Алматы тұрғыны қызының жағдайы туралы осы жылдың шілде айының соңында ғана біліпті. 

"Ұлым мен жұбайымның арасында жанжал болды. Күйеуім төбелес шығарып, оны тұншықтыра бастады. Ал ұлым оны ұрып жіберді. Оларды татуластыруға тырыстым. Бірақ күйеуім полиция шақырып, ұлымды түрмеде шірітетінін айтып қорқыта бастады. 

Үйден кетуін өтіндім. Әрине, оны үйден шығарып жіберу оңай болған жоқ. Қиналдық. Бірақ ол кеткеннен кейін қызым бар жағдайды айта бастады. Мен таңғалып, сұрай бастадым. Біз ұрсысады деп қорқып, жағдайды айтпай келіпті. Не істеу керектігін, кімге айту керектігін білмей қиналыпты. Қызым оған, “неге бұлай істеп жатырсыз? маған әкем сияқтысыз ғой!" деп айтқанын елеместен жымиып іс-әрекетін жалғастырған", – дейді әйел. 

Оның айтуынша, 5 тамызда Алатау аудандық полиция басқармасына арыз жазған. Бірақ қызметкерлер бұл өтінішті қарапайым тұрмыстық жанжал ретінде қабылдаған. 

"Біз мүлкімізді бөліп, қарым-қатынасымызды анықтап жатыр екенбіз. Қылмыстық іс әрең басталды. Ол адвокат жалдап, істі кешіктіруде. Прокурор қамауға алуға санкция бермей жатыр. Тіпті олар бұл істі тоқтата ма деп қорқамын. Мен мүліктік мәселені мүлдем көтермеймін. Ең бастысы, оның түрмеге отыруы. Педофильдікке жақын адам жазасын алуға тиіс", – дейді ол.

Сондай-ақ ол 14 жастағы қызының күйзеліске түсуінен невроз дамығанын атап өтті.

Әйел полицейлерден, ең болмағанда, күйеуінің қудалауынан құтылу үшін оны қамауға алуын сұрайды.

Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Олардың айтуынша, ер адам заңға сәйкес бостандықта жүрген көрінеді.

"Алматы полиция департаменті бұл факті ҚК-нің 121-бабы, 4 тармағы ("жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлайды. Қылмыстық іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр