Жамбыл облысында үш өрт сөндіруші жоғалып кетті
Жамбыл облысында туыстары өрт сөндіруге кетіп, сол күйі оралмаған әскери қызметкер Бауыржан Дәуітбаевты іздестіруде. Бұған қоса, әлеуметтік желіде тағы жоғалып кеткен екі өрт сөндірушінің суреті таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бауыржан Дәуітбаевтың қарындасының сөзінше, ер азамат бір күннен бері байланысқа шықпай жатыр. Оның артында әйелі мен төрт баласы қалған. Ең кішісінің жасы бесте көрінеді.
“Кеше біз оның үйіне қонаққа келгенбіз, сөйтсек ол өрт сөндіруге кетіп қалыпты. Сол кеткелі оралмады. Телефоны сөндірулі. Әйелінің айтуынша, ағамды кешкі сағат 6-7 шамасында шақыртып алған”, – дейді жоғалып кеткен құтқарушының қарындасы Айкен Жайылғанова.
Әлеуметтік желіде тағы екі өрт сөндіруші – Әліби Кеңес мен Әділет Әділбековтың суреттері таралды. Желідегі жазбаға сәйкес, олар да тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылыдырлыған. Алайда өрт сөндірушілерден сол күйі хабар жоқ.
Айта кетсек, Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыс салдарынан 12 адам қаза тапты.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады