Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Не себепті етпетінен ұйықтауға болмайды: Невролог жауап берді

Невролог-дәрігер Родион Игнатьев не себепті адамдарға етпетінен жатуға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Доктор Питер" басылымына сілтеме жасап.

Родион Игнатьев етпетінен жатудың денсаулыққа қауіпті екенін ескертті.

"Етпетінен жатып ұйықтаған кезіңізде, арқа тұсыңызға салмақ түсіп, жүйке қысылып қалады. Басыңызды бұрып жату кезінде сіздің қан тамырларыңыз да бұралады. Салдарынан мойыныңыз ауырады. Бұл күйде жатып, ұйықтамаңыз – бұл өте зиян. Етпетінен жатып ұйықтамаңыз!”, – деп ескертті дәрігер.

Десе де кей адамдар үшін етпетінен жату ыңғайылырақ көрінеді. Нақтырақ айтсақ, түнде қорылдайтын адамдар үшін. Себебі етпетінен жатқан кезде тыныс алу жолдары ашық болады және қорыл азаяды. Ал дәрігерлер адамдарға "шалқасынан жатып" ұйықтауға кеңес береді.

Бұл қалыпта адамның бұлшықеттері босайды, омыртқаға қысым түспейді. Бұлай жату омыртқаға ғана емес, асқазанға да пайдалы, себебі шалқаңызда жастықта жатсаңыз қыжыл мазаламайды дейді мамандар.

Бірақ мұның бәрі ұйқыға енді жататын кезде ғана маңызды. Ұйқы кезінде сіздің жату қалпыңыз сағатына екі-төрт рет өзгереді. Яғни түні бойы сіз жиырма шақты рет жатқан қалпыңызды өзгертуіңіз мүмкін. 

Талқылау