Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екеуі көз жұмды: Жаяу жүргіншілер жолында 18 жастағы қыз үш баланы қағып кетті

Мәскеу соты жаяу жүргінші жолында үш баланы қағып кеткен 18 жастағы Валерия Башкированы екі айға тергеу изоляторына жіберу туралы шешім шығарды. Ол көлігімен басып кеткен үш баланың екеуі көз жұмған болатын. Алдымен бойжеткен үй қамауына алынған, алайда прокурор бұлтартпау шарасын өзгертуді талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бастапқыда Башкироваға “абайсызда адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу” бабы бойынша айып тағылған болатын.

Өткен сенбіде Мәскеудің Никулин соты айыпталушыны тергеу өтініші бойынша 15 қыркүйекке дейін үй қамауына жіберді.

Дүйсенбі күні таңертең тергеу Башкированы айыптауды “абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу” бабына ауыстырды. Ол бойынша ең жоғарғы жаза – жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Прокуратура қыз қағып кеткен екінші бала ауруханада қайтыс болғаннан кейін айыптауды қайта қарап, бұлтартпау шарасын күшейтуді талап етті.

Бұл оқиға 16 шілде күні түстен кейін Мәскеудің батысындағы Солнцево ауданын болған. 

Видеодан қара көліктің жаяу жүргіншілер жолынан жоғары жылдамдықпен өтіп, жылдамдықты төмендетпестен бірнеше адамды қағып кеткенін көруге болады.

Полиция мәліметтері бойынша, жол оқиғасы Mazda көлігімен жасалған. Бұл кезде жолды үш бала және екі ересек адам кесіп өтіп бара жатқан. Балалардың екеуі 5 және 4 жастағы ұлдар және арбада 9 айлық кішкентай қыз болған.

Негізгі соққы балаларға тиген. Апаттан кейін олардың барлығы ауыр жағдайда ауруханаға түсті.

Үлкен бала ауруханада қайтыс болды. Жексенбі күні таңертең Мәскеу прокуратурасы екінші баланың қайтыс болғанын хабарлады. 9 айлық қызға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Мемлекеттік автоинспекцияның мәліметінше, жол апаты үшін айыпталған Башкирова өткен жылы ғана жүргізуші куәлігін алыпты.

Талқылау