Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жындылығым жоқ": Ләйлә Сұлтанқызы көлігі, жалақысы мен жеке құпиялары туралы

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жеке өміріне, ұстанымына, өмірлік қағидасына байланысты жаңалықтарды айтты. Тележүргізуші әріптесінің 45 сұрағына жауап берді. 

Бұл туралы Azattyq ruhy tv арнасында айтылды. 

Ләйлі Сұлтанқызының қазіргі көлігі Toyota Camry 70. Бұған дейін Range Rover көлігін мінген. Ең сүйікті көлігі де осы марка. Көлікті екі жылда, үш жылда бір ауыстырады. Оған күйеуі жауап береді.

"Көлікті кейде айырбастаймын, үстіне ақша қосып аламын. Жағдайға байланысты болады", - дейді өзі.

Тележүргізуші бойдақ қыздарға тұрмысқа шығуға кеңес береді. Қоластындағы барлық қыздың бағын жағып, тұрмысқа жіберген.

Қазақстандағы феминизм менталитетімізге сай дамып жатыр дейді Ләйлә ханым.

"Біздің елімізде феминизм басқаша формада дамып келе жатыр. Қазақы феминизм деп айтуға болады. Егер біздің елде еуропадағыдай феминизм болса, онда әйел 4 аптадан кейін жұмысқа шығып, 50 пайыз баласының оқу ақысын төлер еді. Маған біздің елдегі формасы ұнайды", - деді тележүргізуші.

Ләйлі Сұлтанқызы "Қазақстандағы сіз мойындайтын ең мықты үш әйел" деген сұраққа жауап берді.

"Бизнес саласында жүрген "Қағанат" асханалар желісін құрған Шынар ханымды құрметтеймін. Медиа саласында Ләззат Танысбай ханым бар. Көп балалы аналар қатарынан болса, Қарақат Әбілдинаны айтуға болады", - деді.

Тележүргізушінің ашуланатын сәті көп емес. Мінезім жұмсақ деп ақталады өзі.


Ләйлә Сұлтанқызы: Бала күнімде тесік аяқ киім ішінен пакет киіп мектепке баратынмын


"Мен басшылық кезде, ашу қысқан кезде ауыр сөздер айтуым мүмкін. Бірақ ашуланшақ адам емеспін. Ондай жындылығым жоқ", - дейді Ләйлә.

Ләйлә Ханым Қазақстаннан көшкісі келмейді. Алайда балалары шетелде оқыса, сол елге барып тұруға дайын. 

Шымкенттің жұмсақтық, жарасымды ұяңдық секілді қасиеті бойымда бар дейді тележүргізуші. 

Айтуынша, ең алғашқы жалақысы 50 доллар болған. 

"Мен бастапқыда радиода жаңалықтар оқыдым. Сағат екіден кешкі сегізге дейін жаңалықтар оқыдым. Сол кезде 50 доллар төлейтін. Мен оны ешқашан жасырған емеспін", - деді ол.

Ләйлә ханымның басында несиесі жоқ. Алайда студент кезінде тауарлар алып, бөліп төлегенін жасырмайды. 

Ләйлі ханым отбасындағы қағидалар жайлы айтты.

"Біздің үйде бұзылмайтын қағидалар бар. Үлкенді сыйлау. Әкеге сіз деп сөйлеу. Анашыммен сыр бөлісу. Кешкі асты бірге ішу деген сияқты қағидалар бар. Бұлар қатып қалған қағидалар. Үйге жолдасымнан кейін кірген сәттерім болады. Бірақ кешікпеуге тырысамын", - деді.

Тележүргізуші отбасымен жақында Дубайға демалысқа аттанбақ.

 

Талқылау