Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сотталған экс-әкім Бақауов мәжбүрлі жұмыстан босатылды

Павлодар облысының экс-әкімі көше сыпырмайды және саябақтарды көгалдандырмайды. Осы жылдың мамыр айында Болат Бақауов бастапқыда пара алды деген күдікке ілінген болса да, тек қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін үш жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сол кезде Бақауов қоғамдық жұмыстарға тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Болат Бақауов

Бүкіл мерзім ішінде бұрынғы әкім жылына 100 сағат жұмыс істеуі керек еді. Алайда, белгілі болғандай, VIP-тұлға жұмыс тапқан екен, сондықтан Павлодар көшелерін сыпыра алмайды. 49 жастағы Бакауов кінәсін мойындау үшін прокурормен келісім жасады. Оған ауыр зардаптарға әкеп соққан қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған. Іс материалдары бойынша Бақауовтың жиеніне тиесілі фирма 200 миллион теңге салық төлемеген, ал ықпалды туысы фискалдардан бұл соманы 40 есе азайтуды талап еткен. Тергеу мен соттан кейін экс-әкімге үш жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасы берілді. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда мәжбүрлі еңбек етуіне үкім шығарды.

"Аталған сотталушы белгіленген тұрғылықты жері бойынша Павлодар қаласы пробация қызметінің есебінде тұр. Заңнамаға сәйкес, жұмысқа орналаспаған сотталушылар мәжбүрлі еңбекке тартылады. Алайда бұл адам жұмыспен қамтылған. Мәжбүрлі еңбекке тартылмайды. Жеке істегі ақпарат жария етуге жатпайды", - деді Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз хатшысы Гүлжан Әбдіғалиева.

Талқылау