"Вакцина жақсы нәтиже көрсетіп жатыр": Отандық вакцинаны салған ғалым денсаулығы туралы айтып берді

Отандық вакцинаны алғашқы болып өзіне салған адамның жағдайы қалай? Ғылыми тәжірибеге қатысқан ғалым екпеден кейіінгі денсаулығы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

ғалым

Айта кетейік, әзірге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында кандидат ретінде тіркелген екі отандық вакцина бар. Тағы үш жаңа вакцина тіркеуден өтуге кезек күтіп тұр.

Қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы елімізде жасалған вакцинаны ерікті түрде салғалы міне 10 күннен асты.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының жеті ғалымы өздері жасаған вакцинаны тәуекелге барып, салып көрді. Олардың қатарында Лесбек Құтұмбетов бар. Қазір ғалымдардың денсаулығы жақсы. Аса қауіпті вирустармен күнделікті жұмыс істегенімен ауру жұқтырмапты.

"Ешқандай қауіптілігін көрмедік. Енді екінші мәселе оның иммуногендігі. Ауруға қарсы иммуноген түзету қабілеті. Вакцина жақсы нәтиже көрсетіп жатыр", - дейді Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының аса қауіпті зертхана меңгерушісі, профессор Бекболат Құтұмбетов.

Ғалымдар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген қос вакцинаның инактивті түрін екен. Бұл вирустың белсенділігін жойып барып жасалатын екпе. Екінші екпе ауру қоздырушының ақуызынан жасалған. Төл вакциналар небары 1 айдың айналасында дайын болды. Алайда жеделдік сапаға еш әсер етпейді дейді.

"Барлық жерде оның технологиясы бір-біріне өте ұқсас. Айырмашылығы болмайды десек те болады. Вирус біреу. Сапасы бірдей болып шығады", - деп қосты Бекболат Құтұмбетов.



Институт мамандары коронавирусқа қарсы бас аяғы бес вакцина жасаған. Оның алғашқы екеуін ДДСҰ тіркеп, клиникаға дейінгі сынақ жүргізуге рұқсат берсе, енді біреуі жыл соңына дейін тіркелуі тиіс дейді ғалым. Тағы екеуі келер жылдың басында рұқсат алады деген жоспар бар. Рұқсат алған алғашқы қос вакцинаның клиникаға дейінгі сынақтары тамыздың жиырмасында тәмамдалып, еріктілерге қыркүйектен бастап салына бастайды. Әр еріктіге тәуекелі үшін 250 мың теңге көлемінде сыйақы төленбек.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр