Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өңіріміздің ұлт атымен аталуына қарсымыз": Ұйғыр ауданында болған төбелеске не себеп болды (видео)

Алматы облысыны Ұйғыр ауданында жігіттер жаппай төбелесіп, 5 жігіт пышақ жарақатын алғаны хабарланған еді. Ал, аудан тұрғындары өңір басшылығына ауданның атауын өзгерту туралы бастама көтергенін алға тартты. Төбелестің туындауына не түрткі болғанын ашық жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұйғыр ауданының тұрғындары өңірдің дәл осылай аталуына қарсы. Олар бәріне бірдей, жалпыға ортақ атау қойылғанын талап етеді. 

"Біз бір ұлттың атымен емес, өңіріміздің жалпыға ортақ аталуын талап еттік. Бұл талапты ұзаққа созбай, жақын арада шешсе екен деп облыс басшысына өтініш жасадық. Енді сол талабымыздың орындалуын күтеміз. Нәтиже шықса екен деп ойлаймыз", - деді аудан тұрғыны Ақжол Нұрдәулетұлы. 

Тұрғындардың өтінішін тыңдаған өтініш басшысы бұл мәселені жақын арады шешетінін мәлімдеді. 

"Тұрғындардың талабы ауданның атауын өзгерту. Төбелестің шығуына да сол себеп. Мен жақын күндері бұл өтініштеріңізді жоғарыға жеткізем. Нұр-Сұлтанға арнайы барам. Назарбаевқа, мемлекет басшысына, премьер-министрге жолығам. Осы жағдайды жеткізем деп сіздерге уәде берем", - деді Амандық Баталов. 

Ал, төбелеске қатысты құзырлы орган тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында Ұйғыр ауданында жастар жолға таласып, төбелесіп қалғаны айтылған еді. Оқиға салдарынан 20 және 21 жастағы бес жігіт пышақ жарақатымен ауруханаға түскен.

Талқылау