"Коронавирус үшін": Ер азамат ауруды жұқтырмаудың ерекше әдісін тапты
Италияның тұрғыны коронавирус жұқтырмауы үшін ерекше айла қолдануы жөн көріпті. Өзін басқаларынан алшақ ұстау мақсатында ол беліне картоннан жасалған шеңбер киіп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер азамат түсірілген видео Twitter желісінде таралған. Ол беліне үлкен қағаз диск киіп алып Римде қыдырып жүріпті. Оның бұл қылығы әлеуметтік желілердің пайдаланушыларын күлдірді.
Бейнежазбаға түсірілген ер азаматтың "коронавирус жасасын" деген даусы естіледі.
Атап кетерлік жайт, қазір Италия бүкіл мемлекет бойынша карантин жариялаған еді. Қазіргі таңда бұл мемлекетте 12 мыңнан астам науқас тіркеліп, олардың 827-і коронавирустан көз жұмған.
Алматылықтар автобус мен метродағы адамдар кептелісіне шағымданды: Әкімдік мәселені қалай шешпек
Басқарма: "Қарбалас уақытта жолаушылардың 30%-дан астамы жол ақысын төлемейді"
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.