Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Күрмеуіңді шешейін, тұсауыңды кесейін": Отандық жұлдыздар балаңыздың тұсауын қаншаға кесіп береді

Сәби алғашқы қадамдарын жасап, қаз-қаз баса бастаған кезде жасалатын думанды дәстүр - тұсаукесер тойы. Бүгінде ұлының не қызының тұсауын елінің елеулі азаматы болсын, сол кісінің жолын берсін деп танымал адамдарға кестіртіп жатады. Ал жұлдыздарымыздың тұсау кесердегі "ставкасы" қандай? Stan.kz тілшісі назарларыңызға тұсауды қымбатқа кесетін жұлдыздардың тізімін ұсынады. 

тұсаукесер

Тілегін арнап, тұсауын кесетін жұлдыздардың батасына сұрайтын сауғалары аспандап тұр. Көз нұры, көңіл қуанышы баласынан аянып қалмайтын ата-аналар назарына төмендегі прайстарды ұсынамыз.  

Қарақат пен Қыдырәлі 

Той болардан үш-төрт ай бұрын айтып қоймасаңыз Қарақатты қармағыңызға түсіру қиын. Тойға келіп, әнін айтып, тұсауын кесіп, бата беруі 7 000 доллар. Одан бөлек екі кісіге ұшаққа бизнес-класстан билет және люкс жатын орнын аласыз. Күнін бекіту үшін 50 % алдын-ала төлем жасауыңыз керек. "Күрмеуіңді шешейін, тұсауыңды кесейін" деп тілегін айтып, 10-15 әнін орындап кете барады. 

тұсаукесерЖазира Байырбекова 

Еліміздің батыс өңірінде тұратын болсаңыз Жазираға келіп тұсауын кесіп кетші, сыйлығымызды береміз деген әңгімеңіз өтпейді. Басқа қалаларға жалғыз өзі шықпайтын Жазира қасына өмірлік серігін тастамайды. Жанболат пен Жазира дуэті еліміздің батыс өңірлері үшін 2 миллион теңге. Одан бөлек екі кісіге жолы мен жатын орнына шығындаласыз. Жарты ақшасын алдын-ала төлеп қоюыңыз керек. "Саған мәз боп қараймыз, қадамыңды санаймыз, қаз-қаз басып көрші тағыда", - деп сызылтып ән салатын Жазира тойыңызда 10 ән айтып, ақ тілегін жаудырып қуанышыңызды бөліседі. 

тұсаукесерСәкен Майғазиев 

Сәкен мырза тұсау кесуден алдына жан салмай тұр. Алматы қаласында болсаңыз жолыңыз болды. Жұмыс орнына немесе сол маңға жақын орынға шақырып тұсауын кестіріп алсаңыз болады. Ал алыс қалаға шақыратын болсаңыз бір ай бұрын Сәкен мырзаны құлақ қағыс қылып қойыңыз. Тұсау кесуге "ставкам" бәленбай деп осы күнге дейін айтып көрмеген Сәкен мырза жағдайыңыз көтерген сомманы алуға дайын.  Бірақ алыс қалада тұрып, тойыңызға тілегі мен әнін айтып, тұсауын кестіріп қаламын десеңіз жолы мен жататын орнын және 4 мың долларды төлеуге тура келеді.

тұсаукесерНұржан Керменбаев 

Нұржан Керменбаевтың тұсау кесу үшін арнайы бағасы бар. 1 500 000 теңге төлейсіз. Одан бөлек екі адамның жолын жататын жерін, тамағын төлейсіз. Тұсауын кесіп, батасын беріп, 5-6 ән айтып тойыңыздың қызметінде бас аяғына дейін бірге болады. Құр тұсау кесіп емес, келген соң миллионға тұрарлықтай өнерін көрсетіп кетеді.

тұсаукесерНұрлан Еспанов 

Алдын-ала айтып қоймасаңыз Нұрлан мырзаның кестесі бос болмауы мүмкін. Ұлыңызға жолын берсін десеңіз 4 000 долларды әншіге бересіз. Жолы мен жататын орнына бөлек бір адамға арнап жалдайсыз. Той біткенше қызметіңізде болады. 1 500 000 теңгеден артық түсіп келе алмайды. 

тұсаукесерАлтынай Жорабаева 

Алтынайдай алтын әншінің жолын қызыңызға берсін, халқының сүйіспеншілігіне бөленсін десеңіз 4 мың долларды беріңіз. Екі адамға жолы мен қонақ үйден бір номер жалдап қоясыз. 4-5 әнін айтып, шыр-дөңгелек билетіп, көңіліңізді көтеріп, балаңызға ақжол тілеп кеткені барлығы сол ақша ішінде. Егер жағдайыңызды айтып, келіссеңіз Алматы қаласы үшін 3 мыңға келуі де мүмкін. Әнші қарындасыңызды тұсау кесіп ақбатасын бергені үшін тағы да сыйлаймын десеңіз мерейін үстем етесіз. 

тұсаукесер

Тамара Асар

Тамара қыздарыңыз балаңызға тұсауын кесіп, жолын ашсын десеңіз 4 мың долларды дайындай беріңіз. Егер сіз арнайы шақыратын болсаңыз жолы мен жататын жерін екі адамға әзірлейсіз. Ал егер жолы түсіп сіз тұратын қалаға барса, қуанышыңызды бөлісуге дайын. Тек "құрқақ қасық ауыз жыртар" дегенді ұмытпасаңыз болды. 

Айтпақшы, маңғыстаулықтар үшін жақсы жеңілдік қарастырылған. 

тұсаукесер

Айдар Тұрғанбек 

Айдар мырза 2000 долларға тұсау кесіп, ән айтып береді. "Құр қолға бата жүрмейді" деп қысылып, батасына бөлек рахметіңіз болса Айдар мырза тойыңызды құлпыртып, ұзақ уақыт сіздердің отбасыңыз туралы айтып жүреді, инста-парақшасына салып елге таныстырады.  

тұсаукесер

 

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Еліміздің үш облысында қатты жел соғып, найзағай ойнайды

Кейбір облыстарда ауа райы бұзылады

Қарағандыда әйелімен ұрсып қалғаны үшін 2 жасар қызының мойнына пышақ кезеген ер адам сотталды

Күйеуі қашып кеткен әйелін қайтару үшін қызын кепілге алған

Жамбылда төрт адам Сібір жарасын жұқтырған

Мал дәрігерлері кеселдің қайдан келгенін білмей жатыр

Медициналық сақтандыру: Енді жұмысшы жалақысынан 1 пайыз, жұмыс беруші 2 пайыз қаражат аударып отырады

Қай аурухана немесе емханада адам көп емделсе, соған қордан қаржы көбірек аударылады

"Олар не кеңес айтады" Досхан Жолжақсынов әкімнің кеңесшісі болған Мейрамбек Бесбаев пен Қыдырәлі Болмановты сынады

Актер: Бұл биліктің осалдығы

Тоқтар Төлешовтен 1,2 млрд теңге мемлекет пайдасына өндірілді

Бұл сома сот үкімін орындау аясында бюджетке түсті

Кей өңірде дауыл соғады: Алдағы күндердің ауа райы болжамы

Еліміздің үш аймағында дауылды ескерту жарияланды

Дәрігерлер көз жұматынын айтқан: Аз өмірі қалғанын естіген күйеу жігіт үйленуге асықты

Дәрігерлер жігітке екі жылдан кейін көз жұматынын айтты

«Тағдырдың сынағы болар, еш өкпем жоқ...»: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әнші: 30 жасыма дейін өзіме 20 рет қол жұмсамақшы болдым

"30 жасыма дейін 20 рет өзіме қол салуға ұмтылдым": Марқұм Жанар Хамитова сұхбаттарында не айтты?

Әнші: "Бұл өмірде ештеңе бекерден бекер болмайды екен"
Çàãðóçêà...