Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Неткен қатігездік": Алматы облысында жасөспірімдер итті көкпар қылып тартқан

Алматы облысында жасөспірімдер итті бауыздап, көкпар ретінде тартқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Куәгер оқиға Фабричный ауылында болғанын жеткізді. Оның айтуынша, жасөспірімдер ұлттық көкпар ойынын ат үстінде ойнап, ит үшін таласқа түскен. 

"Қазір байқаусызда көкпар ойынының куәсі болдық. Қойдың орнына басы жоқ итті көрдік. Балаларым шошып, жылап жіберді. Бұл қалыпты жағдай ма? Ата-аналар неге балаларын тәрбиелемейді? Оларға бұл қызық ойын болып көрінеді ме? Демек, иттің басын жұлып алу олар үшін үйреншікті болғаны ғой. Неткен қатігездік. Олар осылай өз жолын байлайды. Адамдардан қорықпаса да, Алладан қорқу керек", – деді әйел.

Алматы облысының полиция департаменті жасөспірімдерді іздеумен айналысатынын хабарлады. Олардың жеке басы анықталғанан кейін шара қолданылады.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қырғауылды ауылында болған.

Талқылау