Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Ресей – Құдай қосқан көршіміз

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресеймен арадағы қарым-қатынастарды мемлекетаралық ынтымақтастықтың үлгісі деп атады.

Назарбаев: Ресей - Құдай қосқан көршіміз

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Ресей біздің Құдай бере салған тарихи көршіміз. Біз дүниеге келместен бұрын, біз өмір сүріп жатқан заманда да, болашақ ұрпағымыз да Ресеймен көрші тұрып, достық пен түсіністікті сақтап өмір сүретін болады. Біз мемлекетаралық қатынастардың үлгісі ретінде Ресей мен Қазақстан арасында тығыз қарым-қатынас қалыптастырдық. Біз осы принципке адалдықпен қараймыз және оны сақтауымыз керек. Себебі бұл Қазақстанның негізгі мүдделеріне жауап береді. Ресей үшін де осылай екеніне сенімдімін»,-деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан барлық көрші елдермен достық қарым-қатынаста екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: 

Бұл Теміртаудағы шатыр болды: Назарбаев өзінің алғашқы жатақханасын есіне алды

Кім болса да, орнына қойыңдар: Назарбаев арандатушылар туралы әңгімеледі

Назарбаев қазақстандықтарды ақшаны тойға емес, тұрғын үйге жұмсауға шақырды

Талқылау