Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинге алдағы президенттік сайлауда сәттілік тіледі

Елбасы бүгінгі Астанада өтіп жатқан Орта Азия мемлекеттері президенттерінің кездесуінде Ресей басшысы Владимир Путинге алдағы президенттік сайлауда табыстар тіледі.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Біз Ресей президенттік сайлауының жақсы өтуін және Владимир Путиннің жеңіске жетуін тілейміз”, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен өткен кездесуде Орталық Азия елдерінің Қытай және Ресеймен ынтымақтастығын одан әрі нығайта беретінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Астанада Орталық Азия мемлекеттері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттерінің кездесуі өтті. Аталған кездесуде Түрікменстаннан мәжіліс төрағасы Акджа Нұрбердыева қатысуда.

Айта кетейік, 18 наурызда өтетін Ресей президенттік сайлауына сегіз адам үміткер ретінде қатысады. Олар: Сергей Бабурин, Павел Грудинин, Владимир Жириновский, Владимир Путин, Ксения Собчак, Максим Сурайкин, Борис Титов және Григорий Явлинский.

Жіберіп алмаңыз:

Үкімет басшысы: Наурыз мейрамы келе жатыр, баға күрт өсіп кетпесін

Министр Астанаға тартылатын газдың бағасы қанша болатынын айтты

Сағадиев: «Қолтырауын», «ғаламтор», «перне тақта» секілді сөздер қолданыстан шығуы мүмкін

Алтын ұрлаушыларға көмектескен Ақмола облысының шенеуніктері 23 млн парамен ұсталды


Талқылау