Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.

12

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

“Қымбатты отандастар! Православие христиандарын Рождество мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жарқын мереке қоғам өміріндегі жоғары адамгершілік бастамаларды нығайтатын өшпес рухани және моральдық құндылықтарды сақтауға ықпал етеді. Рождество – бұл әлемнің жаңаруының, игілік пен әділдіктің, қайырымдылықтың және көмек пен қамқорлыққа зәру адамдарға шынайы көңіл бөлудің нышаны.

Қазақстанда православие қауымы басқа конфессиялардың қатарында еліміздің өміріне белсене атсалысып, халықтың бірлігіне, қоғамдық келісім мен дінаралық диалогқа баға жетпес үлесін қосып келеді. Мұның барлығы біздің қазақстандық татулық пен жасампаздық, көркею мен даму моделінің негіздерін нығайтуға ықпал етеді. Рождество мерекесінде баршаңызға бақыт, сәттілік пен амандық-саулық тілеймін!” – дейді елбасы.


Жіберіп алмаңыз:

Сауд Арабиясы өткен жылы 153 қылмыскерді өлім жазасына кескен

9 жасар қызын аяусыз ұрып келген Әсел Төрежігіт ата-ана құқығынан айырылды

Ақтөбеде полицейлер наразылық акциясына шықты

ШҚО тұрғыны бір жыл бойы туған жиендерін зорлап келген

Талқылау