Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нағыз сұлу: Артур Төлепов жұбайының бояусыз түрін көрсетті

Жуырда қолына ақ құсын қондырып, отағасы атанған Артур Төлепов қазіргі уақытта үлкен тойға дайындалу үстінде. Сүйгенімен қосылып, отау тіккен актер бүгінде өзін әлемдегі ең бақытты жігіт санайды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Артур Төлепов

Артур өзге әріптестерімен салыстырғанда үйленгенін жасырған жоқ. Ұзату тойы өткен күні-ақ қалыңдығының суретін жариялап, елге көрсетті. Десе де, жастарға бақыт тілеген желі қолданушылары арасында жас келіннің шамадан тыс боянып алғанын айтып, тиіскендері де болған. Бұл орайда сыншылдарға Артурдың берер жауабы дайын.

Актер елге жауап беру үшін келіншегінің бояусыз түрін көрсетті.

“Негізі original түрі осындай. Қыз ұзатуда қатты бояныпты деп айтып еді бір-екі ағылшындықтар. Ай, өзіміздің қазақтар болмаса мақтап жазатын”, – деп әзілдеді актер.

Instagram қолданушылары айда сұлу Мәдинаның көркіне тамсанып, жас жұбайларға сарқылмас бақыт тіледі.
“Бояусыз өте сұлу екен, әдемі жарасып тұрсыздар. Баянды махаббат тілейміз”, – деп ақ тілегін білдірді олар.

Айта кетейік, Мәдинаның ұзату тойы 20 маусым күні өткен болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр