Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мұғалім есікті жауып кеткен": Алматыда бірінші сынып оқушысы мектептің терезесінен құлап кетті

Алматы қаласында бірінші сынып оқушысы мектептің терезесінен құлап кетті. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Қалалақ денсаулық сақтау басқармасындағылар аталған ақпаратты растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға куәгерінің әлеуметтік желілерде тараған ақпаратына сәйкес, оқиға №80 мектепте орын алған. Айтуынша, қазақ тілі пәнінің мұғалімі аңдаусызда бірінші сынып оқушысын кабинетте қамап кетіпті. Балалар оқушының сыныпта жалғыз қалғанын айтқан. Мұғалім сыныпты тексерген кезде, оқушы партаның астына иіліп, көрінбей қалған. Артынша сыныптың жабық екенін көріп, шошыған оқушы терезеден секіріп кетіпті. Оны жоғары сынып оқушылары тауып алған. Оқушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар аталған ақпаратты растады. Олардың мәліметінше, мектептің екінші қабатының терезесінен құлап кеткен оқушы бас сүйек-ми жарақатын алып, миы шайқалып, кәрі жілігі сынған. Дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты деп бағалап отыр.

Әйелім ұлымды өлтірген жігітті түрмеден келгенше күтіп жүрді: Қарағанды көз жұмған баланың әкесі оқиға жайлы айтты >>>

«Балаға қосарлас жарақат, бас сүйек-мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, көкірек қуысының жарақаттануы, көкірек қуысы ағзаларының жаралануы, кәрі жілігінің жабық сынығы диагнозы қойылды. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Бүгінде әрі қарай ем-дом жасалуы үшін травматология бөліміне ауыстырылды», - дейді денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Еліміздің үш облысында қатты жел соғып, найзағай ойнайды

Кейбір облыстарда ауа райы бұзылады

Қарағандыда әйелімен ұрсып қалғаны үшін 2 жасар қызының мойнына пышақ кезеген ер адам сотталды

Күйеуі қашып кеткен әйелін қайтару үшін қызын кепілге алған

Жамбылда төрт адам Сібір жарасын жұқтырған

Мал дәрігерлері кеселдің қайдан келгенін білмей жатыр

Медициналық сақтандыру: Енді жұмысшы жалақысынан 1 пайыз, жұмыс беруші 2 пайыз қаражат аударып отырады

Қай аурухана немесе емханада адам көп емделсе, соған қордан қаржы көбірек аударылады

"Олар не кеңес айтады" Досхан Жолжақсынов әкімнің кеңесшісі болған Мейрамбек Бесбаев пен Қыдырәлі Болмановты сынады

Актер: Бұл биліктің осалдығы

Тоқтар Төлешовтен 1,2 млрд теңге мемлекет пайдасына өндірілді

Бұл сома сот үкімін орындау аясында бюджетке түсті

Кей өңірде дауыл соғады: Алдағы күндердің ауа райы болжамы

Еліміздің үш аймағында дауылды ескерту жарияланды

Дәрігерлер көз жұматынын айтқан: Аз өмірі қалғанын естіген күйеу жігіт үйленуге асықты

Дәрігерлер жігітке екі жылдан кейін көз жұматынын айтты

«Тағдырдың сынағы болар, еш өкпем жоқ...»: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әнші: 30 жасыма дейін өзіме 20 рет қол жұмсамақшы болдым

"30 жасыма дейін 20 рет өзіме қол салуға ұмтылдым": Марқұм Жанар Хамитова сұхбаттарында не айтты?

Әнші: "Бұл өмірде ештеңе бекерден бекер болмайды екен"
Çàãðóçêà...