Мұғалім, дәрігер мен полицейлерге 72 мың теңге төлем тағайындалады: Әлеуметтік желідегі ақпарат қазақстандықтардың талқысына түсті
Әлеуметтік желіде президенттің мұғалімдер, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен отставкадағы полицейлерге бір реттік төлем тағайындау туралы қаулыға қол қойғаны туралы ақпарат тарады. Төлем мөлшері 72 мың теңге екені айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі StopFake.kz басылымына сілтеме жасап.

Ақпарат ешқандай ресми сайт немесе БАҚ бетінде емес, белгісіз парақшада жарияланған. Ал президенттің ресми сайтында 72 000 теңге мөлшеріндегі бір реттік төлем туралы ақпарат жоқ.
Сонымен қатар осы тектес әлеуметтік көмек жайлы мәлімет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің де сайтында жарияланбаған.
Электронды үкімет порталында білім беру, денсаулық сақтау және отставкадағы полицейлерге 72 000 теңге берілетіні туралы ақпарат жоқ.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"