Мусин Астанада Тоқаевтың инаугурациясынан кейін интернет неге өшірілгенін айтты
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астанада 26 қарашада мобильді интернет неге өшкенін түсіндірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сүйене отырып.

"Сол күні кешкі тоғыз шамасында Мемлекеттік техникалық қызметі тиісті ақпарат берген еді. Олар тиісті интернет шлюзді қадағалайды. Сол интернет шлюзге берілетін электр қуаты жүйелерінде ақау болған. Осының салдарынан интернет шлюздің жұмысы тоқтап қалды. Электр жабдықтары іске қосылған соң интернет қайтадан қосылды", – деді Бағдат Мусин Сенат отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Интернеттің өшкен уақыты заңсыз митинг өткен уақытқа тұспа-тұс келді. Бұрын Мемлекеттік техникалық қызмет те ақау болды деп хабарлаған еді.
26 қарашада Астанада митинг өтті. Сот оны заңсыз деп таныды. Митингіні кәсіпкер Марат Әбиев ұйымдастырған. Сот оны 15 күнге бас бостандығынан айырды.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"