Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мүгедек деп айтады, малға теңейді": Олимпиада ойындарының жүлдегерінің басы дауға қалды

Павлодарда Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Людмила Прокашева дау-жанжалдың ортасында қалды. Кейбір жаттықтырушылар, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілерінің ата-аналары оны жұмыстан босатуды талап етуде. Айтуларынша, ол педагогикалық этиканы бұзды, тіл тигізді деп айыпталуда, оның атына тіпті полицияға арыз берді. Атақты коньки тебуші, өз кезегінде, мұның бәрі өзіне қасақана жасалған әрекет деп есептейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме беріп.

Ата-аналар мен орталық қызметкерлерінің жартысы олимпиада жүлдегерін қолдаса, қалғаны оған кінә артып отыр.

“Бір кездері ол Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды, біз бәріміз ол үшін уайымдадық, қазір ол өзін-өзі дұрыс ұстамайды. Менің ойымша, ол спортшы, жаттықтырушы және жалпы мұғалім атын ұятқа қалдырып отыр", –дейді ата-аналардың бірі Александр Кондауров.

"Жеке мәнерлеп сырғанау Федерациясына мүше болу қағидаты бойынша дискриминация орын алуда. Егер бала жеке федерацияға мүше болса, айына 25 мың төлесе, ол мұз үстінде тіпті карантин уақытында да жаттығады. Біз карантинде көшеде дайындалдық", – дейді тағы бір ата-ана Динар Таңжарық.

Мәнерлеп сырғанау бойынша жаттықтырушы Наталья Ракушинец соңғы алты айда танымал спортшының басты қарсыласы болып отыр. Ақпан айында Прокашева оған денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Сот олимпиада жүлдегері әріптесін қолынан ұрғанын анықтады.

"Мен бұл адамға жекеменшік мәнерлеп сырғанау орталығын дамытуға кедергі келтіретін сияқтымын. Мені нашар жаттықтырушы, мүгедек деп атап, малға теңейді. Менің балам Прокашеваның тіл тигізуінен кейін спортты тастап кетті", – дейді №1 БЖСМ Мәнерлеп сынарғанаудан жаттықтушысы Наталья Ракушинец.

"Ол мені ұры, бұзау деп атады, мұның бәрі балалардың көзінше болды. Басшылық тарапынан ешқандай шара қолданбайды. Дегенмен, балалар тарапынан беделіміз төмендеді. Олар мұның бәрін көреді", – дейді № 1 БЖСМ  биатлоннан жаттықтырушсы Вячеслав Морозов.

Людмила Прокашева оған тағылған айып біреудің тапсырысы деп  есептейді. Қысқы спорт түрлері бойынша жаттықтырушылардың жұмысында бұзушылықтар анықталды. Балаларды сырттағы жарыстарда қалдырып кетуі фактілері анықталған. 

"Мен мұндай сөздерді айтқан жоқпын. Мен Вячеслав Юрьевичке “неге бұзау сияқтысың, үлкен ер адамсың ғой”, дегенім бар.  Менің лауазымдық міндеттеріме: жаттықтырушыларды, олардың жаттығу процесін, топтардың толықтырылуын бақылау кіреді. Мәселен, бүгін бізде жалған анықтамалары бар 17 адам бар екені белгілі болды"”, – дейді №1 БЖСМ жанындағы Қысқы спорт түрлері бөлімінің басшысы Людмила Прокашева.


 

Талқылау