Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

МС Сайлаубек басты рөлді өзі мен Қайрат Нұртастың егізі сомдайтын фильм түсіріп жатыр (видео)

МС Сайлаубек басты рөлді өзі сомдайтын қысқаметражды фильм түсіріп жатыр. Аталған туындыда Қайрат Нұртастың “егізі” бой көрсетпек.

image

Фото: instagram.com/mcsailaubek.official/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше әлеуметтік желілерде МС Сайлаубектің әнші Қайрат Нұртастың “егізіне” арба сүйретіп, қора тазалатып жатқанын көрсеткен видеолар пайда болған-ды. Аталған видеоны көргендер рэпердің мақсатын түсінбей қалған. Арасында Сайлаубектің Қайрат Нұртастың танымалдылығын көре алмайтынын айтқандар да болған. Десе де, бұл видеоның мәнісін продюсері түсіндіріп берген.

Дәл қазір Шонжы қаласында МС Сайлаубек басты рөлді сомдайтын қысқаметражды фильм түсіріліп жатыр екен. Комедия жанрындағы фильмге Қайрат Нұртастың да егізі түспек. Ал әлеуметтік желілерге жарияланып кеткен видео аталған фильмнің бір үзіндісі ғана екен.

Видеоны көрген желі қолданушыларының бірі “Бұл Қайрат Нұртасқа вызов па?”, “Енді МС Сайлаубек Қайрат Нұртасты ешек қылып жүр ғой”, “Дым жараспайды”, “Мынау Қайрат Нұртастың өзі ме?” сынды пікір білдірген. Ал бұл видеодан Қайраттың хабардар екені әзірге белгісіз.


Оқи отырыңыз:

МС Сайлаубектің продюсері ажал аузынан аман қалды (видео)

МС Сайлаубек орыс тілінде ән шырқап жүр (видео)

МС Сайлаубек дінге бет бұрып, намаз оқып жүр

МС Сайлаубек кезекті туындысын Нұрсұлтан Назарбаевқа арнады (видео)

Талқылау