Моңғолияда халық наразылығынан кейін, үкімет отставкаға кетті
Моңғолияда халықтың жаппай нарызылығынан кейін үкімет отставкаға кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігерлердің жақында босанған әйелге немқұрайлықпен қарағаны халықтың ашуланып, митингке шығуына себеп болыпты.
БАҚ мәліметінше, ақ халаттылар коронавирусқа шалдыққан әйелді шақалағымен бірге инфекциялық стационарға адам төзгісіз жағдайда тасымалдапты. Жаңа туған бала мен анасының үстінде қалың киім де болмапты. Дәрігерлердің жауапсыздығы халықтың жаппай Ұлан-Батырдағы орталық алаңға шығуына алып келді. Мұның арты биліктің отставкаға кетуімен аяқталды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады