Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова Iphone ойнатылып жатқан байқауларды түсіндірді (видео)

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары желіде жаппай Iphone 7 маркалы телефонын ұтысқа салып жатыр. Бұл ретте халық оған не сенерін, не сенбесін білмей дал болуда.

ауелбекова молдир_100217

Әнші Мөлдір Әуелбекова блогер  Эльвира Ерғалинаға берген сұхбатында бағалы сыйлықтар ойнатып жатқан байқауларды түсіндірді.

Оның айтуынша, Iphone ойнатылып жатқан байқауларға сенуге болады.

Ол қалай жүзеге асады? Демеушілер жарнама жасағаны үшін жұлдыздарға қаламақы төлейді. Өз кезегінде бағалы сыйлықтарды да сол демеушілер ұсынады. Оқырмандар сыйлықтан үмітті болу үшін ондаған парақшаларға жазылуға міндетті. Бұл ретте мыңдаған оқырман жинап үлгерген демеушілер өз тауарларына жарнама жасап үлгереді.

Айта кетейік, Қазақстан жұлдыздарының түгелі дерлік желіде Iphone, Samsung маркалы телефондары мен ақшалай сыйлықтарды ұтысқа салып жатыр. Олардың қатарында Баян Есентаева, Сәкен Майғазиев, Аша Матай, Айқын Төлепберген, Төреғали Төреәлі, Қайрат Нұртас, Айдана Меденова сынды еліміздегі ең танымал жұлдыздар да бар.

Жіберіп алмаңыз:

Мөлдір Әуелбекова шашты әдемі қалпында сақтаудың 7 әдісімен бөлісті

Баян Есентаева жүкті болудың мүмкіндігін арттыратын препарат қабылдап жүр

Димаш Қытай жұлдыздарының рейтингінде екінші апта қатарынан көш бастап тұр

Димаштың қытайлық жанкүйер қыздардан қашып бара жатқан видеосы жарияланды

Талқылау