Минус 15°C-қа төмендейді: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады
"Қазгидромет" 6-8 қараша аралығындағы ауа райы болжамы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өтіп бара жатқан антициклон демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райын қалыптастырады.
Температураның біртіндеп көтерілу үрдісі сақталады. 7-8 қарашада Қазақстанның батыс өңірлерінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.
“Ауа температурасы: батыста түнде -5 градус аяз +5 градус жылы, күндіз +5+15 жылы; солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста түнде -3-11 градус аяз, +1+8 градус жылы; оңтүстікте түнде -1-10 градус болса, күндіз +3+12 градус жылы; оңтүстік-шығыста түнде -5-15 градус жылы, күндіз -3 аяз +8 градус жылы болады", - делінген синоптиктер хабарламасында.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда