2025-2026 оқу жылындағы демалыс күндері белгіленді
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ каникул кезеңдерін нақтылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқу жылы 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.
“Бірінші тоқсанда оқу уақыты – 8 апта. Күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғандағы 7 күнге созылады. Екінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнге жалғасады. Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 2026 жылғы 9 ақпаннан 15 ақпанды қоса алғандағы 7 күн болады”, – деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.
Үшінші тоқсанда 10 оқу аптасы бар. Көктемгі каникул 2026 жылғы 19 наурызда басталып, 29 наурызды қоса алғанда 11 күнге созылады. Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды, оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.

"11-15 жастағылардың үлесі 2 есе артқан": Жасөспірімдердің шылымға тәуелдігімен қалай күресуге болады
