Министрдің орынбасары Денис Теннің өліміне қатысты: Полиция бірінші қолға түскендерді ұстаған жоқ
Ішкі істер министрлігі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты істің тергеу барысы туралы айтты. Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов брифингте сөз сөйлеп, әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпараттарды жоққа шығарды.

“Біз де БАҚ пен әлеуметтік желілердегі пікірлерді оқимыз. Полиция қолға түскен бірінші азаматтарды ұстап алды деген қате пікір. Ол шындыққа жанаспайды. Расымен де қылмысты жасаған азаматтар анықталды. Олардың бұл қылмысқа қатыстылығын дәлелдейтін бұлтартпас дәлелдеріміз бар”, – деді Рашид Жақыпов.
Министрдің орынбасары қылмыскерді анықтау және үкім кесу соттың еншісінде екенін атап өтті.
Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кетті. Спортшыны кімнің жарақаттағаны анықталды. Артынша оның қайтыс болғаны ресми түрде хабарланды.
Денис Тен сенбі күні жер қойнына тапсырылды. Мәнерлеп сырғанаушымен қоштасу рәсімін мына жерден көре аласыздар.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Немересі: "Әжем өзінің танымал екенін әлі білмейді"
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген