Миллиондаған пара: Нұр-Сұлтан әкімдігінің басшысы сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте Нұр-Сұлтан әкімдігі басқармасының басшысы және басқа да лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлық схемасын құрды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласының сапаны бақылау және қалалық орта басқармасының басшысы күдікке ілінді.
Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысуға түрлі санаттағы лицензияларды заңсыз бергені үшін 100 000 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейін пара алған.
Бұл ретте құжаттар заңды тұлғаларға берілген.
Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы ұсталғанын мәлімдеген еді.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр