Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллиардер Тимур Турлов ҚазТАГ басшылығына қозғалған іс туралы пікір білдірді

Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов журналистермен өткен таңғы аста ҚазТАГ басылымымен болған жанжалға қатысты толық жауап берді. Басылым көктемнен бері 80-нен аса даулы материал жариялаған. Ал 8 желтоқсанда басылым директоры Әсет Матаев пен бас редактор Әмір Қасеновтің Freedom Holding Corp. арызынан кейін күдікті деп танылғаны белгілі болды. 

Тимур Турлов таңғы ас барысында журналистердің сауалына жауап беріп, ҚазТАГ басылымы таратқан деректердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Сөзінше, мұндай мәліметтер бизнеске деген сенімді төмендетіп, инвесторлар мен серіктестер арасында қарым-қатынасқа кір келтіреді. 

“Саған қарсы кампания бастап, шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратқан кезде не істей аламыз? Олар оқырмандарына манипуляция жасағысы келетін сияқты. Ал жала жабу деректеріне қатысты барлық құжаттар мен дәлелдерді жинап, әрі қарай заң аясында шешкіміз келді”, – деді Тимур Турлов. 

Еске салайық, ҚазТАГ директоры Әсет Матаев пен бас редактор Әмір Қасеновтің Freedom Holding Corp. арызынан кейін күдікті деп танылғаны 8 желтоқсанда белгілі болды. Қылмыстық іс жалған ақпарат тарату бойынша қозғалған. Әсет Матаевтың адвокаты Рена Керимова Касенов пен Матаевты рәсімдік талаптарсыз күдікті деп тану өрескел қате екенін айтқан.

Ал Freedom Holding Corp. адвокаты Александр Камендровский арызды Тимур Турлов емес, “Фридом Финанс” компаниясы түсіргенін мәлімдеді. Сәйкесінше Турловтың қылмыстық іске қатысы жоқ. 

“Матаев Ә. мен Қасенов Ә. сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған сәттен күдікті деп танылғаны туралы мәлімдемелер де жалған. Бұл айтқандары шындыққа жанаспайды, себебі Қылмыстық-процессуалдық кодекс нормалары бойынша жеке тұлғаны күдікті деп тану реті қатаң реттеледі. Осындай мәлімдемелерде тергеу органы әрекетінің заңдылығы мен дәлдігіне қатысты қоғам пікіріне манипуляция жасау белгілері бар”, – деді Камендровский. 

Компания өкілдерінің сөзінше, ҚазТАГ сауалына жауап алмағаны жайлы жазған. Дегенмен “Фридом брокердің” жауабы ресми сайтында жарияланыпты. Сонымен қатар Виталий Световой басылымның материалдарында топ-менеджер деп аталған. Бірақ Световой компанияның топ-менеджер лауазымында болмаған. 

“Виталий Световойдың “Фридом финанста” жұмысын жалғастырғаны туралы тұжырымына ешқандай дәлел мен нақтылай материал келтірмеді. 2024 жылдың тамызында Световойды қызметінен шектету және жұмыстан шығарғаны туралы ақпарат компанияның ресми мәлімдемесі мен ішкі қызметтік тексеріс қорытындысында бар. Осындай жалаң мәлімдемелерді жариялау арқылы ҚазТАГ жалған ақпарат таратып жатыр”, – деп қосты Александр Камендровский. 

Айта кетері, анонимді Telegram-арналарда ҚазТАГ ісінен кейін Тимур Турловқа қарсы ақпараттық шабуыл басталған. Мысалы, Ресейлік аноним Telegram-арналарда бірдей мәтіндер мен агрессивті риторика қолданылған ондаған жарияланым пайда болды. Бұл алдын ала ұйымдастырылған кампания екенін көрсетеді. Осы жазбаларды "Компромат ГРУПП", FBI Russia, Dossier RU, "Компроматор", Spootnick, "Власть KG", "Зодчий", "Компромат СПБ", "Тимур и его команда", "Павел Корчагин", "Генерал Лебедь", "Глеб Жеглов", "Москвач Компромат Москвы", "K1", "Sputnik Russia", "Досье RU", "ОСТОРОЖНО СОБЧАКА!!!", "Власть", "DOFA" сияқты арналар таратқан.

Бұл арналардың бәрі бірдей айыптауларды қайталайды, бірақ алғашқы құжаттарға немесе тараптардың ресми пікірлеріне ешқандай сілтеме жасамаған. Жарияланымдарда "қаржылық пирамида", "сериялық алаяқ", "қолма-қол ақшаға толы чемодандар" секілді тіркестер қолданылған. Мұндай тәсіл журналистік зерттеулерге емес, анонимді компромат жанрына тән.

Каналдардың басым бөлігі өз контентін өндірмейді, тек бір орталық - "Компромат ГРУПП" және оған байланысты сайт-клондардың материалдарын қайта жариялап отырады. Жарияланымдардың бір мезетте шығуы, стильдің ұқсастығы және ортақ айыптаулар жиынтығы ақпараттық кеңістіктің табиғи реакциясын емес, "КазТАГ" ісі аясында Турловқа қысымды күшейтуге бағытталған әрекетті аңғартады.

2025 жылдың сәуірінде адвокат Светлана Оралбаева KazTAG агенттігіне "Фридом Финанс" пен FFIN Brokerage Services компанияларының америкалық биржаларға шығу мүмкіндігі жоқ әрі акцияларды сатып алу бойынша мәмілелер жүргізе алмайды деп мәлімдеген болатын.

Сергей Лукьяновтың айтуынша, сол кезеңде аталған клиенттерге қызмет көрсеткен уақытта FFIN Brokerage Services компаниясында өз тіркелген юрисдикциясының реттеушісі берген лицензия болған. Бұл лицензия оған шетелдік акциялармен жұмыс істеуге және шетелдік клиенттерге қызмет көрсету құқығын берген. Қазіргі таңда FFIN Brokerage Services өз қызметін тоқтатып, барлық клиенттерін басқа юрисдикцияларға ауыстырған.

“Оралбаева ҚНРДА жауабын келтіріп, мұның жалған екенін айтқан. Алайда ол жауап тек ҚНРДА-ның өзі лицензия берген қазақстандық “Фридом Финанс” компаниясының операциялық қызметіне ғана қатысты. Бұл компанияның бас кеңсесі Алматыда орналасқан және ол тек қазақстандық биржалар – KASE және AIX-ке қолжетімділік береді. Дәл сол жауаптың өзінде ҚНРДА басқа юрисдикциядағы (FFIN Brokerage Services) компания туралы ешқандай түсініктеме бере алмайтынын анық көрсеткен. Мұнда америкалық акцияларға қатысты сауда жүргізу үшін америкалық биржада тікелей қатысушы болу міндетті емес. Әлемдік тәжірибе және барлық реттеушілер мойындаған стандартқа сәйкес, америкалық акциялар бірқатар шетелдік серіктес-брокерлер (корреспонденттер) арқылы сатып алынады. Сол тізбектегі соңғы брокер ғана америкалық биржаға тікелей қол жеткізе алады”, – деді ол.

 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 12 Желтоқсан, 2025 14:47