"Милан" ойыншысы Кристиан Пулишич – қыркүйектің ең үздік футболшысы
Фото: ESPN
"Милан" клубының жартылай қорғаушысы Кристиан Пулишич Италия чемпионатының қыркүйек айындағы үздік ойыншысы болып таңдалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Америкалық футболшы үш кездесуде 3 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Пулишич бұл атақ үшін "Кремонезе" қорғаушысы Федерико Баскироттоны, "Наполи" ойыншысы Кевин де Брюйне, "Интер" футболшысы Федерико Димарконы, "Аталанта" шабуылшысы Никола Крстовичті және "Болонья" вингері Риккардо Орсолиниді артта қалдырды.
Айта кетейік, Кристиан Пулишич "Милан" клубына 2023 жылдың шілде айында ауысты.
Ресми түрде трансфер 2023 жылдың 13 шілдесінде жарияланды.
Ол Лондонның "Челси" клубынан шамамен 20 миллион еуроға (бонуспен бірге) келген.
Сол уақыттан бері америкалық вингер "Миланның" шабуылындағы негізгі ойыншылардың біріне айналды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады

