Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек туған інісі жайлы: Оқыттық-тоқыттық, тойына дейін жасадық, әрі қарай өз күнін өзі көретін шығар

Мейрамбек Бесбаев інісі Мейірбек жайлы айтты. Өнер иесі ініге аға болып, аяққа тұрғанша көмектескенін айтты. Бүгінде еншісін алып бөлек шыққан жас отбасы өз күнін өзі көріп жатыр дейді. 

Бұл туралы НТК Show хабарлайды.

Мейрамбек Бесбаевтың інісі Мейірбек осыдан төрт жыл бұрын ақ құсын қолына қондырып, шаңырақ көтерді. Рәбиға есімді қызды жар етті. Бесбаевтар әулеті дүркіретіп тойын жасады. Мейрамбектің інісінің тойы көпшілікке қызық болды. 

Мейрамбек Беспаевтың әулеті Шиеліге барып, қалыңдыққа арнайы құда түсіп, "сырға салу" рәсімін орындады. Келінге сырғаны Мейрамбектің жары Мархабат салды.

Бүгінде жас отбасы балалы-шағалы. Еншісін алып ата-енеден бөлек шыққан.

"Қазір інім мен келінім бөлек тұрып жатыр. Бұл олардың өз қалауы. Бөлек тұрғысы келді. Өз күнімізді өзіміз көрейік деді. Әйтпесе үлкен үйдің есігі әрқашан ашық. Біз енді қолымыздан келгенше көмектестік. Оқыттық-тоқыттық. Тойына дейін жасап бердік. Енді әрі қарай өздері тұрып кететін шығар", - деді Бесбаев. 



 

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр