Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрам Пішембаев Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Қазақстан машина жасаушылар одағының баспасөз қызметі мәлімдеген. 

“Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев Қазақстан Республикасы президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды", – делінген хабарламада.

Мейрам Пішембаев 1959 жылы 29 қазанда Павлодарда дүниеге келген. Экономика ғылымының докторы, ҚР ұлттық инженерлік академиясының академигі.

2004 жылдың наурызынан бастап осы уақытқа дейін Мейрам Пішембаев – Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы. 2013 жылдан бастап "Атамекен" ҰҚП төралқасы жанындағы машина жасау және металл өңдеу комитетінің төрағасы.

2007 жылдан 2021 жылға дейін IV, V, VI шақырылымдар парламенті мәжілісінің депутаты болды. "Достық", "Құрмет", "Парасат" ордендерімен, "Құрметті машина жасаушы" төсбелгісімен марапатталды.

Талқылау