Мейіржан Шермаханбет Қазақстан кубогінің чемпионы атанды
Мейіржан Шермаханбет Таразда күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан Республикасының кубогінде топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері және Азия чемпионы Мейіржан Шермаханбет Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды. Грек-рим күресінің шебері 67 келіде бақ сынап, қарсыластарының бәрінен басым түсті. Ол жартылай финалда былтырғы ҚР кубогінің финалисі Мерей Бекеновке қарсы күресіп, тартысқа толы өткен белдесуде 7:6 есебімен жеңіске жетті. Ал финалда астаналық Бағдат Сабазды айқын басымдықпен ұтты.
Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Қазақстан кубогінің алғашқы жарыс күнінде топ жарғандар анықталғанын жазған едік.

