Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Метрология мен ветеринария қызметкерлерінің күні": Қазақстан күнтізбесіне 8 жаңа кәсіби мереке енгізілмек

Күнтізбедегі кәсіби мерекелер саны 63-ке артты. Енді мал дәрігерлері мен аңшылық шаруашылығы қызметкерлерінің күні бекітілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы кәсіби мерекелер тізімін толықтыруды жоспарлап отыр. 

  • 7 сәуір – Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні;
  • 16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні;
  • 20 мамыр – Метрология қызметкерлерінің күні;
  • 10 шілде – Ветеринариялық қызметкер күні;
  • Қыркүйектің бірінші сенбісі – Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні;
  • 1 қазан – Жоғары білім қызметкерлері күні;
  • 14 қазан – Стандарттау қызметкерлерінің күні;
  • 18 қараша – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні.

Бұған дейін елімізде алғаш рет Азаматтық авиация күні атап өтілген еді. 

Талқылау