Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева: Мен бірден ғашық болдым, онсыз өмір сүре алмаймын

Меруерт Түсіпбаева ғашық болғанын айтып, көпшілікке қуанышын жеткізді. Әнші соңғы кезде жеке өміріне қатысты сырларын ашық айтып жүр. Бұл жолы шын ғашық екенін айтып ақтарылды. 

“Мен ақыры өз махаббатымды таптым. Бірден ғашық болғанымды мойындағым келеді. Содан бері онсыз өмір сүре алмаймын. Оның әрбір қадамын күтудемін. Мен сені ғұмыр бойы іздегенмін”, – деп жазды Түсіпбаева.

Әнші Жаңа жыл уақытына орай Бекшиннің жариялаған болжамын мысқылдап өтті. 

“Ковид деген оңбаған әбден шаршатты. Әрбір медальдің екінші жағы бар деген секілді, бұл Бекшиннің бағын ашты. Оның хит сөзі өзін жұлдыз етіп жіберді. Блогерлер оның сөзіне тик-ток түсіріп, оқырман жинады. Қаншама қаралым болды”, – дейді әнші. 

Желі қолданушылары түрлі пікір жаза бастады. Әншіден ғашық жігіті туралы сұрап, енді бірі ақ тілегін жаудырды. 

“Сіз сияқты сұлуда неге жігіт жоқ?”, “Меруерт, неге көрінбей кеттің?Әндеріңді сағындық! Сүйікті әншіміз едің! Жолың ақ болсын”, “Табудан үмітімді үзбегенмін”, “Сізді біраздан бері көрмей қалдым, сағынам кәдімгідей, сізді жақсы көрем”, “Енді сол сүйген жарды таптыңыз ба, Махаббаттың алауын жақтыңыз ба? Жүрсеңіз әлі де іздеп сол бір жанды, Ғашық жігіт көп Меруерт атты қызға?!”, “Меруерт, сендей қызға жақсы жігіт кездесу керек қой!”, – деп жазды желідегі оқырмандары. 


Талқылау