Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мені неге тастап кеттің": Ақтөбеде жетімдер үйінде өскен жігіт анасын іздеп жүр

Ақтөбедегі жетімдер үйінде тәрбиеленген Еламан есімді жігіт туған анасын іздейді. Анасының өзінен қашып жүргенін айтқан оның жақындарыммен бірге болсам деген арманы бар. 

Бұл туралы "Кел, татуласайық" бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еламан ағасы екеуі бес жасынан бастап балалар үйінде өсті. Анасын көрген емес. Анасының бірінші күйеуінен туған үш әпкесі бар. Әкесі қайтыс болған. Әкесінің туыстары өзін жақын тартпайтын көрінеді. Бізге керек емессің, анаңа бар деп бетін қайтарыпты. 

"Балалар үйінде өстім. Ағам екеумізді алдап анам апарып тастады. Ол жақта өмір сүру оңай емес. Ұрып-соғады. Әлімжеттік көрсетеді. Еден жуғызады. Соның бәрін көрдік. Ағам менен екі жыл бұрын бітіріп, оқуға түсіп, қазір әскерде борышын өтеп жатыр. Мен пәтер жалдап тұрамын", - дейді бозбала.

19 жастағы Еламан мен ағасы балалар үйінен шыға сала анасын іздеген. Ағасы анасымен біраз уақыт бірге тұрған. Алайда анасы бас тартқан соң кетіп қалды дейді Еламан. 

"Анам бізден қашады. Бізбен тұрғысы келмейді. Оған не себеп екенін білмеймін. Бірақ анамды көргім келеді Бірге болғым келеді. Туыстарым мені қабылдаған жоқ. Қазір өзім жұмыс істеп, пәтер жалдап тұрамын. Балалар үйінен шыққан соң коледжге оқу түсірді. Шәкіртақы алып оқыдым", - деді жас жігіт.

Еламанның бауырмал екенін бағдарлама көрермендері жарыса айтып жатыр. 

"Үлкен апаларды апа деп жақын тартады, анасы секілді қарайды. Бәріне көмектескісі келіп тұрады. Маған келіп "қызыңыз сізді неге ұрып жүр?" деп уайымдады. "Менімен Ақтауға жүріңіз. Пәтер жалдап беремін" деді. Ана мейірімін көрмегендіктен анасындай адамдарды жақын тартып тұрады", - деді бағдарлама қонағы.

 

Талқылау