Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мені көрсе, жалғызым-ау деп жылайтын": Нұрғали Нүсіпжанов Нұрғиса Тілендиевпен 50 жылдық достығы жайлы айтты

Нұрғали Нүсіпжанов өнердегі ағасы, белгілі композитор Нұрғиса Тілендиевпен жарты ғасыр дос болғанын айтты. Әнші сазгердің жақсы қасиеттерін сағынышпен еске алады. 

Бұл туралы Нұрғали Нүсіпжанов желідегі парақшасында жария етті. 

“Бағым болар - Нұрғиса Тілендиевпен 51-жыл дос болдым. Маңдайыма Нұр аға жазған әндердің кіндігін кесу бақыты бұйырды. “Нұрғаш менің жекеменшік әншім” дейтін дәл осы Нұрғиса ағамыз еді. Бірер күн көрмей қалса, “Қайда жүрсің, келіп кет” деп өзі де еркелейтін, мені де еркелететін. Сәлем бере барсам: “Сағындырып қайда жүрсің, Жалғызым-ау, Адалым-ау”деп кең құшағына қысатын. Сонда екі көзінен аққан жас кеудесін жуып тұрушы еді. Нұрғиса Тілендиевтің “Жалғызым-ау, Адалым-ау” деген сол екі-ақ ауыз сөзі мен үшін бұл дүниедегі барлық марапаттан биік”, – деп жазды әнші. 

Нұрғали Нүсіпжанов марқұм Роза Бағланова жайлы да жылы естеліктерін айта кетті. 

“Қазақтың қаhарман қызы Роза апаммен алты әлемді, төрткүл дүниені аралаған бакытты әншімін. Шүкір, тәубе, 65 жыл қазақ әніне қалтқысыз қызмет етіп келемін. Ең алғаш рет атақ абыройға ие болғанымды Швецияда жүріп естідім. 25 жаста едім. Мен бағындырған биікке алдымен Роза апам қуанды. Маңдайымнан сүйіп өнердегі өзінің жұлдызды жолын тілеп, ақ батасын бергені де күні бүгінгідей есімде. Роза Апамның ақ батасымен көгеріп, көктеп келемін. Тағдырыма ризамын”, – дейді әнші аға.

Желідегі тыңдарманы оң бағасын беріп, ықыласын білдірді. 

“Көзімді ашқалы тыңдап келемін. Аман болыңыз”, “Алла денсаулық берсін, ұзақ жасаңыз”, “Нұрғиса ағамызда ерекше жаратылған, өте талантты тұлға еді! Жатқан жайы жұмақтан болсын”, “Керемет ән, осы әндермен өстік”, “Жастық шағымыздың куәсі болған әндер, аман болыңыз, Нұреке”, “Таулардың биіктігі байқалмайды. Көп жасаңыз”, – деп жазды желідегілер. 


Нұрғали Нүсіпжанов 45 жас кіші әйелімен Мейрамбек Бесбаевтың тойына қонақ болып келді

Талқылау