AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен, ұлым және немерем үшін қол қойған": Орал тұрғыны сайлау учаскесіндегі заңбұзушылық туралы айтты

Орал тұрғыны Ғалия Темрешова отбасымен бірге Назарбаев даңғылындағы №245 үйде тұрады екен. Сөзінше, тұрғылықты мекенжайы №45 орта мектептегі №478 сайлау учаскесіне қарайды. 5 маусымда зейнеткер референдумда дауыс беру үшін сайлау учаскесіне барып таңғалғанын айтты. Себебі өзінің және ұлы мен немересінің орнына басқа біреудің қол қойғанын көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап. 

қол қойған

"Біз – кеңес дәуірінің адамдарымыз. Барлығына жауапкершілікпен қарап үйреніп қалғанбыз. Мен дауыс беру үшін үнемі таңертең баратынмын, бірақ бұл жол учаскенің жұмысын тексеру үшін жабылуға жарты сағат қалғанда бардым. Бюллетеньді алу кезінде менің, ұлымның және немеремнің тегінің жанында бөтен қолдың тұрғанын көрдім. Ұлым референдумға барған жоқ, ал немерем Ақсайда. Мен наразылық білдіріп едім, келінім қателесіп барлығымызға қол қойды деп айтты. Өйткені келінім басқа қалаға кеткендіктен, ерте дауыс берген. Бірақ бұл мүмкін бе? Қателесіп, бірден төрт адамға қалай қол қоюға болады? Мен құжатты суретке түсіріп алдым, ұлыма көрсеттім. Дегенмен ол өз әйелінің қолын танымады. Сөзінше, тегінің жанында келінімнің қолы қойылған, ал басқасы онікі емес", – деді Ғалия Темрешова. 

Бұл жағдайдан кейін зейнеткер келінімен сөйлесіпті, алайда келіні тек өзі үшін қол қойғанын жеткізген. Сосын әйел көршілерін аралап, дауыс беруге барғандарын сұрап шыққан. Бірақ олардың көбісі тегінің жанында қолы тұрғанына қарамастан, дауыс бермегенін айтыпты. 

"Біздің орнымызға басқа адам қол қоя алса, мұндай цирктің керегі не? Демек, барлығы өтірік. Негізі сайлауды мектепте өткізіп, бұған мұғалімдерді жұмылдыруға болмайды. Комиссия тәуелсіз болуы шарт, ал мұғалім өз басшылығына бағынышты", – деп қосты ол.

№45 орта мектептің директоры және №478 сайлау учаскесінің төрағасы Ләззат Сағынғалиева пікір білдіріп, мұндай жағдайдың расымен болғанын растады. 

"Күндіз Темрешованың келіні келді, бәлкім ол қателесіп күйеуіне және енесінің орнына қол қойған шығар. Бізде ешкім жалған қол қоймады, бірақ зейнеткерді ойынан айныта алмадық. Көршілері де дауыс беруге келген. Енді ол өзінікін, біз өзіміздікін алға тартамыз. Мұндай жағдайлар, қателіктер барлық жерде болып тұрады. Темрешова жазбаша арыз қалдырмады", – деп мәлімдеді Ләззат Сағынғалиева. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр