Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен мұның ауру екенін білемін": Бейнеуде ер адам букмекерлік кеңсені өртеп жіберді (видео)

Маңғыстау облысы Бейнеу қаласының тұрғыны букмекерлік кеңсені өртеп жіберген. Ал оқиға барысын видео түсіріп алған. Оның сөзінше, өзі де құмар ойындар ойнап, 200 миллион теңгесінен айырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Лада басылымына сілтеме жасап. 

букмекерлік кеңсе

Қылмысқа баруына 20 жыл ішінде құмар ойындар ойнап, 200 миллион теңгесін ұтылуы себеп болған. 

"Мен мұның ауру екенін білемін. Ойын ойнаған жылдарда 200 миллион теңгеден айырылдым. Төрт балам, отбасым, достарым бар. Ойын үшін жақындарымды алдадым. Лото сынды құмар ойындар ойнайтындардың не нәрсеге дайын екенін білемін. Олар соңғы мүлкін де сатып жібереді. Қанша отбасының шырқы бұзылды. Өз-өзіме қол салу жайлы ойлар келген күндер де болды. Бұл ғимаратты өртемеске болмады. Жауапкершіліктен қашпайтын және не нәрсеге бара жатқанымды білемін. Жастар менің қателігімді қайталап, барлығын ұтылып қалмаса деймін. Мен үшін ұялсаңыздар, барлықтарыңыздан кешірім сұраймын", - дейді ер адам видеода. 

Маңғыстау облысы полицейлерінің мәліметінше, оқиға бейсенбі, 3 ақпанда болған. Ер адам қамауға алынды. 

Талқылау