Мемлекет саясатын жүргізіп отырған ұлттық компанияның білдей басшылары өзара төбелесіп жүр (видео)
Мемлекет саясатын жүргізіп отырған ұлттық компанияның білдей басшылары өзара төбелесіп жүр екен. Нақтырақ айтқанда, “Қазагрофинанс” ұжымының топ-менеджерлері жұмыс орнында жұдырықтасыпты.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Бір-бірін өршелене ұрып жатқандардың біреуі – басқарма төрағасының орынбасарына, ал екіншісі осы ұжымдағы департамент директорына ұқсайды делінген. Қалай десек те, қос жетекші кеңседе қағазбен ғана емес, жұдырықтарын да сермей алатынын көрсете алғандай. Тіпті, белгісіз затпен соғып жатқанын да байқауға болады. Арашалаушы жігіттердің әрең айырғанын ескерсек, реніштері қатты сияқты. Ақпарат агенттігіне берген жауаптарында “Қазагрофинанс” өкілдері бұл жайттың жұмыс барысына қатысы жоқ депті. Төбелескен басшылар тек, ұжым ішіндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екен.
Джульеттаның кеудесін ұстап, құлпытасты сүйеді: Әлемдегі ең оғаш туристік ырымдар тізімі
Stan.kz редакциясы ерекше жоралғыларға шолу жасады
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан