Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мектеп директоры ауыл әкімінің әйелі": Фотошоппен "жөнделген" білім ошағының суреті желі қолданушыларының ашуын тудырды

Қазақстандық желі қолданушылары графикалық редактор Photoshop-тың көмегімен Солтүстік Қазақстан облысында "жөнделген" мектептің суретін қызу талқылауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мектеп

Facebook желісінің қолданушысы Кирилл Павлов қазақстандық БАҚ-та жарияланған мектептің суретіне назар аударыпты. Мақалада СҚО-дағы Шөптікөл ауылындағы мектепте жылдам интернеттің қосылғаны жайлы айтылыпты. Ал сайтта жарияланған суретте мектептің фоторедактордың көмегімен жалған терезелер мен шатырлар көрінеді. 

"Графикалық редактордың көмегімен салынған терезелердің біріндегі олқылық тайға таңба басқандай байқалады. Анықтап қарасаңыз, суреттегі саты "ұшып" тұрған секілді. Неге мұндай сурет жариялағаны түсініксіз. Мүмкін мектептің түрінен ұялған шығар", - деп жазыпты Павлов. 

Кейіннен блогер 2020 жылы жаздың соңында мектептің жөндеу жұмыстарына қомақты ақша бөлінгенін анықтаған. Сөзінше, мектеп директоры сол ауыл әкімінің әйелі көрінеді. 

"Шөптікөлдегі мектептің директоры ата-аналардың мессенджерлердегі топтарына менің жазбамды жіберіп, оларды маған қарсы қойып отыр", - дейді желі қолданушысы. 

Бұл жағдай туралы Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі пікір білдіріпті. Айтуларынша, суретте жөндеу жұмыстарынан кейінгі мектептің эскиздері көрсетілген. Бұған қоса, 2020 жылы 8,418 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. 

Айта кетейік, бұл сурет "Қазақтелеком" ұйымының сайтында да жарияланды. Өз кезегінде ұйым өкілдері аталмыш суретте мектептің эскизі екені айтылмады деп ақталды. 

"Жөнделген" білім ошағының суреті көпке дейін мектептің басты бетінде тұрыпты. Дегенмен кейіннен сурет ауыстырылған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр