Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

McDonald's Қазақстаннан кетуді жоспарлап отыр – БАҚ

McDonald's жылдам тамақтану желісі Қазақстан нарығын кетуді жоспарлап отыр. Bloomberg басылымының мәліметінше бұған Ресейден еттің жеткізілмеуі себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі. 

макдональдс

Басылым келтірген деректерге сәйкес Ресейдің Украинаға басып кіруі ет жеткізу легінің бұзылуына алып келген. Ал мұны алмастыратын өзге котлет табылмаған көрінеді. Сондықтан ірі жылдам тамақтану желісі 6 жылдан кейін Қазақстан аумағынан кетуді жоспарлап отыр. 

"Дереккөз хабарлағандай, Мәскеуге қарсы санкциялар қазақстандық кәсіпорындарға әсер етпегенімен, Ресейден кеткен McDonald's жергілікті франчайзиге ресейлік жеткізушілерден ет алуға тыйым салған. "Food Solutions KZ" ЖШС тиесілі 24 McDonald's мейрамханасы қарашада өз жұмысын уақытша тоқтатты. Дереккөздің ақпаратына сәйкес қазақстандық бизнес котлетті жергілікті және еуропалық кәсіпорындардан сатып ала алмайды. Ел аумағы үлкен болғандықтан, етті жеткізу бағасы қымбаттайды, ал бұл бизнесті шығынға ұшыратады. McDonald's пікір білдіруден бас тартты", – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар франшиза иесі Қайрат Боранбаевтың қамауға алынуы да McDonald's желісінің жағдайын қиындата түскен. 

"Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы Боранбаев Қазақстанда жылдам тамақтану мейрамханаларының желісін 2016 жылы ашқан. Бұдан бөлек McDonald's-тің Беларусьтегі франшизасына да иелік етеді. Бірақ ол ет жеткізудегі мәселелерге байланысты былтыр лицензиясынан айрылған", – деп жазды Bloomberg.

Талқылау