Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Майкл Джордан тарихтағы ең көп табыс тапқан спортшы атанды

Фото:  Jacob Kupferman / Getty Images Sport

Атақты америкалық баскетболшы Майкл Джордан Sportico нұсқасы бойынша тарихтағы ең жоғары табысқа ие спортшы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның жалпы табысы 4,15 миллиард долларға тең. Бұл сомаға оның спорттық келісімшарттары, жарнамалық келісімдер мен бизнес жобаларынан түскен табысы кіреді. Атап айтқанда, Nike компаниясымен серіктестігі және NBA-дегі "Charlotte Hornets" клубындағы үлесін сату арқылы ол мол табысқа жетті.

Тізімде екінші орынды гольф шебері Тайгер Вудс ($2,8 млрд) иеленсе, одан кейін Криштиану Роналду ($2,2 млрд), Леброн Джеймс ($1,88 млрд) және Лионель Месси ($1,85 млрд) орналасқан.

2003 жылы спорттық мансабын аяқтаған Майкл Джордан бүгінде спорт пен бизнестің символы болып қала береді. Оның атымен шығарылатын Air Jordan бренді тұрақты табыс әкеліп жатыр. Сонымен қатар Charlotte Hornets клубындағы үлесін 3 миллиард долларға сату оның қаржылық жағдайын едәуір күшейтті.

Джордан — баскетбол даңқ залының мүшесі, NBA-ның алты дүркін чемпионы және АҚШ құрамасы сапында екі дүркін Олимпиада чемпионы.

Абылайхан Палмағанбет
Сәрсенбі, 23 Сәуір, 2025 13:33
Талқылау