AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мәйітті тану мүмкін емес": Атырауда өртеніп кеткен үш баланың туыстары оқиға туралы айтып берді

Атырау облысында үш бала тірідей өртеніп кетті. Оқиғаға қатысты балалардың туыстары айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Бірнеше сағат бойы бүкіл ауыл үш оқушыны іздеген. Балалардың ата-анасы оларды тірі табамыз деп үміттенген. Бірақ балалардың мәйіті табылды. 

Туыстары полицейлер балаларының өлі денесін тапқаны туралы бірден хабар бермегеніне наразы.

Махамбет ауданына қарасты Ортақшыл ауылының тұрғындары болған оқиғадан әлі де оңала алмай отыр. Кеш қарсаңында ауыл тұрғындары жоғалған үш мектеп оқушысын іздеуге шықты. Бірнеше сағаттан кейін олардың жансыз денелері кездейсоқ өртелген шөп арасынан табылды.

“Олар күшікпен ойнап жүрген, күшік шөптің арасына кіріп кеткен. Екінші, үшінші сынып оқитын үш бала күшіктің артынан шөпке кірген. Олар не істеп жатқанын білмеген. Қараңғы болғаннан кейін сіріңке жағып, жарық жасайын деген. Осылайша шөп тұтанып кеткен. Балалардың денелері табылды. Бірақта оларды тану мүмкін емес”, – дейді ауыл тұрғыны Әділбек Ізғалиев. 

Бірақ қайтыс болған балалардың бірінің әжесі олардың сіріңке болмағанына сенімді. Әйелге полицейлер балалардың мәйіттерін тапқаны туралы бірден хабарламағанына таңғалып отыр.

“Бұл жиналмаған шөп болатын. Шөптің иесі біреу темекі тастап жіберген дейді. Бірақ өрттің себебі әлі белгісіз”, – дейді марқұм балалардың бірінің әжесі Алтын Әбенова. 

“Біз өзеннің жан-жағын тексердік, бүкіл жерді айналып өттік. Полиция аймақты қоршап тастады. Бастапқыда ешнәрсе айтпады, тек кейінірек, біз сұрақ қоя бастағанда, олар бізге болған жағдайды жеткізді. Ал бұған дейін біз бекер қарап отырдық”, – дейді қаза тапқандардың туысы Ардақ Есбусинов. 



Балалардың өліміне қатысты "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәртіп сақшылары туыстарының ашуына наразылық білдірді.

“Әрине, қараңғы болғандықтан табылған мәйіттер туралы дер кезінде хабарлау қиын болды. Онда мамандар, сарапшылар мен тергеу тобының өкілдері жұмылдырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – дейді Атырау облысының полиция басқармасының баспасөз хатшысы Мейірім Есдәулет. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жанып жатқан шөп үш сағаттан астам уақыт бойы сөндірілген. Өрттің себептері сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

Айта кетсек, бұған дейін Атырау облысында қорада болған өрттен кейін үш баланың мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз. Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр